Рақымдылық
Сіз, «Адамдар дүниеден өткен соң қайда барады», – деп ойланып көрдіңіз бе? Ендеше, осы тақырып төңірегінде ой қозғайық!
Онлайн курс
«Құдай»
Киелі Жазбада Құдайға тән қасиеттерді оқығанда, құтқарылу мәселесі одан да күрделене түседі. Құдайдың қасиеттеріне – мейірім, сүйіспеншілік, жақсылық пен жарылқау, бата және т.б. жатады. Сонымен қатар, Құдайдың Әділ, Киелі және Шындық екені де белгілі.
1. Мейірімді – сондықтан жазалағысы келмейді.2. Әділ – сондықтан күнәсі үшін жазалауы тиіс.
Түсінуге қиын және таңқаларлық Құдайға ғана тән қасиет – күнәқар болмысымызға қарамастан Оның бізді шексіз сүйетіні, біз қандай болсақ та, бізді сол күйімізде қабылдайтыны. Осы сүйіспеншіліктің себебі бізде емес, ол Құдайдың Өзінде, өйткені, Киелі кітап бізге былай айтады: «Құдай – сүйіспеншілік». (Жоханның 1-ші хаты 4:8).
Өз күнәларымызды көргенімізде, Құдайдың сүйіспеншілігін түсіну одан да қиын бола түседі.
«Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді». (Жоханнын 1-ші хаты 4.10). Адамзатқа деген бұл қандай шексіз махаббат!
Есте сақтау аяты:
«Сүймейтін кісі Құдайды білмейді, өйткені Құдай — сүйіспеншілік». «Жоханның 1-ші хаты 4:8).
Киелі кітапта айтылғандай, Құдай сүйіспеншілік, мейірімді, әрі әділ, сондықтан күнә үшін бізді жазалауы тиіс. Оның тазалығы күнәға жол бермейді. Құдай сүйіспеншілік иесі, сондықтан бізді жазалағысы келмейді. Бірақ Ол Әділ сот Иесі, сондықтан жазалайды. Оның заңы «күнә – жазалану керек», – деп айтады:
«Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады, Өзіне қарсы шығып теріс қылықтарды. Жасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады, Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды, Аталарының теріс қылықтары үшін Жазалайды балалары мен немерелерін, Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». (Мысырдан шығу 34:7).
Егер де сот шынымен күнә жасаған қылмыскерлерді жақтаса, онда біз қарсы шығар едік және әділдік болуы тиіс қой деп, оның жазалануын талап етер едік. Құдаймен де дәл солай. «Бүкіл әлемді Соттаушы әділетті шешім қабылдамаушы ма еді?». (Жаратылыстың басталуы 18:25).
Өте қызық! Осыдан бірнеше ғасыр бұрын, Иса Мәсіх арқылы баға жетпес әділдік махаббатын көрсету үшін, Құдай әділ тағын тастаған. Ол – Киелі шеберліктің Иесі, күнәні жеңуші. Киелі кітапта Оның киелілігі мен әділдігін анық көреміз. Егер Ол тек әділ ғана болса, бәріміз жазалануға тиіс болар едік, бірақ Ол Сүйіспеншілік, Мейірімді Әке. Құдай күнәні жазалау керек болса да, бізді сүйгендіктен, жазалағысы келмейді. Бірақ Ол тек сүйетін болса, онда еш мәселе болмас еді. Егер Құдай тек мейірімді болса, онда бүкіл адамзатты, тіпті Гитлер немесе шайтанды да аспанға кіргізер еді. «Әркім өзінің заңсыздығына бола өлетін болады (Еремия пайғамбардың жазбасы 31: 31).
Құдайдың махаббаты Оның әділдігіне байланысты. Киелі кітапта жазылған Құдайдың ерекше қасиеттері: Құдай Киелі, Әділ және күнәны Жазалаушы, сонымен қатар Сүйіспеншілік, Мейірімді. Өзінің шексіз даналығымен осы мәселенің шешімін тапты, яғни, Құдай Өзін құрбандыққа берді. Енді біз осыны мойындауымыз үшін, Киелі кітап Құдай туралы не айтқанын ғана емес, Иса Мәсіх Кім және не істегенін білуге ұмтылайық.
Үшінші сабақ тапсырмалары!Рақымдылық. 3 бөлім pdf