4-САБАҚ

Иса Мәсіх

Сонымен алдыңғы сабақтарда қарастырған мәселелерді шешетін жол қандай? Құдай Өзінің даналығымен жол тапты. Осы жол – Иса Мәсіх. Құдай Оны әлемге жіберді. Осы оқиғаның маңыздылығы сондай, тіпті қазіргі жыл санағымыз Оның туылған күнінен басталады.

1. Ол кім? – Мәңгілік Құдай.
2. Иса Мәсіх не істеді – күнәларымыздың құнын төледі. Аспан Патшалығын сыйлық ретінде берді.

Киелі кітаптың үйрететіні – Назареттік Иса Мәсіх, Ғалилеялық ағаш ұстасы – тірі Құдай!

Ол – әлемнің Жаратушысы. Ол – бүкіл дүниені жаратқан Жаратушың Өзі. Иса – Құдіретті Құдай. Көптеген адамдар Исаның Өзі Құдай екенін және Құдай Әке, Киелі Рух және Иса Мәсіх – Киелі Үшбірлікті құрайтынын білмейді. Енді Иса Мәсіх Кім екенін қарастырайық! Киелі кітап бойынша, Иса Мәсіх – Құдай, Үшбірліктің екінші бейнесі, әлемді Жаратушы. Киелі Жазбада жазылған: «Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. ...Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді». (Жохан жазған Ізгі хабар 1:1,14). Құдай адам кейпінде дүниеге келген!

Есте сақтау аяты:

«Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім». (Жохан жазған Ізгі хабар 10:10).

Құдай адам кейпінде келді! Өзінің даңққа толы үйін тастап, мал ұстайтын қорада дүниеге келді. Ол кіршіксіз таза және кемелді өмір сүрді. Ол адамзатты құдіретті ұлы даналығына үйретіп, керемет ғажаптар жасады. Міне, енді Оның өмірінің соңы да жақындады, осы дүниедегі өмірі соңғы сағатына жетті.

Осы соңғы уақытта Киелі Жазбаны толық дәлелдейтін және мәсіхшілер сенімінің негізін құраған керемет оқиға болды.

Ол неден тұрады? Мысалы, менің оң қолымда бір кітап бар дейік. Осы кітап өмірім туралы толық баяндама береді. Онда не істеп, не қойғаным, әр сөзім мен ойым жазылған. Киелі Жазба: «бір кезде осы кітап ашылып, біз туралы шындық жарыққа шығады» деп айтады. Біздің жүректерімізде жасырын болғандардың бәрі айқын болады. Міне, біздің негізгі мәселеміз осы, яғни – күнә. Осы күнә бізді желкемізден жүк басқандай басады.

Сонымен қатар, күнә жұмаққа, Құдай патшалығына баруымызға кедергі жасайды. Көне Өсиетте күнәнің салдары мен Құдай алдында ненің жеккөрінішті екені айқын көрсетілген. Міне, шомылдырушы Жақия Құдайдың құрбандық Тоқтысы – Иса Мәсіхтің Өзіне табысталған құтқарылу ісін орындағанын жариялайды.

Бұл қандай құтқарылу? Киелі кітап былай дейді: «Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты». (Ишая пайғарлар жазбасы 53:6).

Мысалы, менің сол қолым Иса Мәсіхті белгілесін. Киелі кітапта айтылғандай, Құдай біздің күнәларымызды Исаға артты (оң қолыңдағы кітапты, яғни күнәны, сол қолыңа, яғни Исаға беру). Құдай Исаның мойнына барлық күнәларымызды артты.

«Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрімбұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады. Құдайға күнә атаулы жеккөрінішті.» (Ишая пайғамбардың жазбасы 53:10).

Иса Мәсіх біздің КҮНӘЛАРЫМЫЗ үшін азап шекті! Бірақ Ол Киелі Жазбаларда алдын ала айтылғандай, үшінші күні қайта тірілді. «Менің қабылдап алып, сендерге жеткізген ең басты хабарым мынау болды: Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, Мәсіх біздің күнәларымыздың құнын өтеу үшін жанын құрбан етті. Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кеткеніндей, Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді». (Қорынттықтарға арналған 1-хат 15:3-4).

Сонымен қатар, Иса бізге мәңгілік өмір беріп, жұмақта орын дайындауда. Білесіз бе, ең кереметі, бұл орын Мәсіхтің қымбат қаны арқылы сатып алынған және бізге (адамдарға) еш ақысыз, тегін беріледі. «Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір». (Римдіктерге арналған хат 6:23).

Ол Өзінің рақымымен осы қымбат бағалы өмірлік сыйлығына жол ашады. Құдай жар болсын!

Төртінші сабаққа тапсырмалар:



1. Сіздің ойыңызша, Иса Мәсіх Кім және ойыңызды не нәрсеге негіздейсіз?
2. Құдай Әке Өз рухани Ұлы Иса Мәсіхті кім үшін жіберді?
3. Қалай ойлайсыз, Иса Мәсіх не себептен адам кейпінде келді?
4. Иса Мәсіх қазір қайда және не істеп жатыр?
Email
Рақымдылық. 4 бөлім pdf