5-САБАҚ

Сенім

Біз мәңгілік өмір сыйын қалай ала аламыз? Киелі кітапта ...рақым арқылы құтқарылады... деп айтылады.

Сенім – Аспан Патшалығының есігін ашатын кілт. Мысалы, сізде бірнеше кілт бар және бәрі бірдей көрінеді. Сіз менің үйіме келіп, сол кілттермен есікті ашуға тырысасыз. Сәйкес келетін кілтті таппайынша, үйге кіре алмайсыз. Құдай Патшалығының есігіне дәл келетін жалғыз ғана кілт «сенім» деп аталады.

Құтқаратын сенім. Сенім ғана Құдай Патшалығының қақпасын ашады, дүниеде осыдан басқа еш нәрсе сол есікті сізге ашып бере алмайды.

1. Сенім - тек тарихи дәлелдемелерді ғана мойындау емес.
2. Сенім – бұл Иса Мәсіх арқылы ғана құтқарылғаныңа үміт арту.

1. Көптеген адамдар сенімге иемін деп ойлайды, бірақ оның не екенін толық білмейді. Демек, бұрыс сенімнің қандай екенін қарастырайық. Көптеген адамдар Иса шынымен өмір сүрді, өлді және өлілердің арасынан тірілді деп сенеді. Олар сенім осыған жүктеледі деп есептейді. Бірақ сенім белгілі бір дәлелдемелерді жай мойындау емес. Киелі кітапта шайтанның да Құдайдың бар екеніне сенетіні жазылған. Сіз осы туралы естідіңіз бе? Киелі кітапта былай делінген: «Сен «жалғыз Құдай бар» деп сенесің. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның қаһарынан қорқып, дірілдейді» (Жақыптың хаты 2:19).

Сондықтан, Киелі кітап бойынша Құдайдың бар екеніне сену -құтқаратын сенімді алу дегенді білдірмейді.

Сенім уақытша келіп кететін нәрсе емес. Кейбір адамдар Иса Мәсіхке сенемін десе де, осыған байланысты не ойлайтынын сұрағанда, олар: - «сенім» - белгілі бір уақытқа және күнделікті тіршілікте қажетті заттарға арналған: денсаулық, отбасының қамы, қаржы, қиын жағдайлардан шығу тәсілі деп жауап береді. Бірақ бұның бәрі жердегі өмірге байланысты. Әрине, бұның бәрі дұрыс, осымен Құдайға үміт артамыз. Бірақ, бұл да құтқаратын сенім емес. Осы заттардың бәрі осы өмірге, осы әлемге жатады.

2. Құтқару сенімін алу – бұл Иса Мәсіхтің сізді күнәдан құтқаратынына және мәңгілік өмір беретініне үміт арту. Киелі Жазба бойынша сенімнің негізі – адамзаттың тек Иса Мәсіх арқылы ғана құтқарылып, оған сену арқылы мәңгілік өмірге ие болатындығына үміт арту. Мәсіх осы әлемге біз «соқыр ішік» ауруына жасалған отадан кейін құлан-таза жазылып немесе пойызбен басқа қалаға жақсы жетуіміз үшін келген жоқ. Иса Мәсіх бізге Аспан Патшалығына жол көрсету үшін, Өзіне сенгендерге мәңгілік өмірді сый ретінде беру үшін келді. Сондықтан, сенім – тек Иса Мәсіхке сенім арту арқылы келеді!

Сенімнің екі түрі бар: өзіңе сену немесе Иса Мәсіхке сену. Көптеген сенуші адамдар өз күштеріне сеніп, дұрыс, жағымды өмір сүруге тырысты. Содан соң олар осының дұрыс емес екендігін мойындады: егер осылай жағымды өмір сүріп, құтқарылатын болса, онда әркім өзіне құтқарушы болар еді. Ал егер әркім өзіне құтқарушы болса, бүкіл әлемнің Құтқарушысы Иса Мәсіх неге керек? Ал күнәдан құтқарылып, азат болу үшін істейтін нәрсе – өз күшімізге сенуден бас тартып, Иса Мәсіхке сену. Тәубеге келіп, Оның мәңгілік өмір сыйын алу. Ешкім Оның сыйына лайықты емес, бірақ Оның рақымымен ғана мәңгілік өмірді иемдене аламыз. Осы айтылғанды түсіну үшін бір мысалды қарастырайық.

Мен бір лоторея билетін сатып алдым дейін. Оны ашып, мен машина ұтып алғанымды білемін. Осы билетті қолымда ұстап тұрып, өзімді машинаның иесімін деп айта аламын ба? Әрине, жоқ. Мен оның маркасын, түсін және нөмірін біле аламын. Бірақ сол мекен-жайға барып, оның кілтін, құжаттарын және машинаның өзін алмайынша мен оның иесі бола алмаймын. Енді осы лотореяны мәңгілік өмір деп есептеп көрейік. Сіз мәңгілік өмір бар екеніне сене аласыз, бірақ оны ала алмайсыз. Өйткені өз күшіңізге сену арқылы Аспанға бара аламын деп ойлайсыз. Бірақ мәңгілік өмірге ие болу үшін сіз өзіңізге деген сенімді Исаға артуыңыз керек.

Біз ешқашан мәңгілік өмір сыйын өз күшімізбен ала алмаймыз. Сенімнің негізі - біздің сезімімізге емес, қайта Құдайдың Киелі кітапта жазылған уәделеріне негізделуі керек. Исаның соңынан ерген әркім Құдайдың Өзіне және Оның Сөзіне үміт артады.

Онда сенушілерге неліктен Құдайға ұнамды өмір сүру керек? Лайықты өмір сүруге себеп – ол Мәсіхтің бізге берген құтқарылу сыйлығы үшін ризашылық. Құдайға ұнамды өмір сүрудің негізі осы.

«Ал жазылғандары Исаның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы екендігіне сендер сенсін, әрі сенімдерің арқылы Онымен тығыз байланыста тұрып, шынайы өмірге ие болсын деген мақсатпен жазылған». (Жохан жазған Ізгі хабар 20:31).

Құдай сізге жар болсын!

Бесінші сабаққа тапсырмалары.

1. «Сенім» сөзіне түсініктеме беріңіз?
2. Білім мен сенімнің айырмашылығы неде?
3. Иса Мәсіхке деген сенім адамға не береді?
4. Иса Мәсіхті Құтақарушым деп қабылдағанда, адам өмірі қалай өзгереді?
Email
Рақымдылық. 5 бөлім pdf