Табанды

Егер менен біреу сұрап, «Құдайсыз да жақсы өмір сүруге болады ғой», десе, мен оған, «менің Құдайым - тірі Құдай, Ол менің әрбір дұғама жауап береді. Сондықтан да менің Құдайымның басқа пұттардан айырмашылығы осыда», дер едім...

Аңыздар мен шындық.

Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы сіздерге жауа берсін, бауырластар! Мен өмірімде көрінген Тәңірдің рақымы туралы сіздермен бөліскім келеді. Менің есімім - Жарқынай. 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келдім. Отбасымызда сегіз ағайынды болдық. Әке-шешем қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарды.