kudai.kz

ҚҰДАЙ БIЗДI СҮЙЕДI, БIЗБЕН ТҰРАҚТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛFЫСЫ КЕЛЕДI ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНГЕНIМIЗДI ҚАЛАЙДЫ

Сондықтан Ол адамды Өзiне ұқсас етiп жаратқан. Бiзге ақыл, дарын, сүйiспеншiлiк пен мейiрiмдiлiк қабiлеттерiн берген. Құдай бiздiң қайғымызды басып, жұбатқысы және тыныштық сыйлағысы келедi.

Құдайдың сүйiспеншiлiгi
«Бұл сүйiспеншiлiктiң мәнiсi мынада: Құдайды сүйген бiз емес, қайта, Ол бiздi сүйдi...» (1Жохан.4:10).

Құдай бiздi не үшiн жаратты? «Ол бiр кiсiден бүкiл адамзатты таратып, бүкiл жер жүзiне мекендетiп, нақты мерзiмдердi де, олардың тұратын жерлерiн де белгiлеп бердi. Құдай бұны адамдар Өзiн iздесiн, қарманып жүрiп сезiп, сөйтiп тауып алсын деп iстедi. Себебi Ол әрқайсымыздан алыс емес, өйткенi Оның арқасында бiз өмiр сүрiп, әрекет етiп жүрмiз» (Елшi.iстерi 17:26-28). Құдайды бiлуiмiзге кедергi болып тұрған не?


kudai.kz

АДАМ – КҮНӘКАР. КҮНӘНЫҢ КЕСIРIНЕН, ҚҰДАЙДАН АЛАСТАТЫЛДЫ, СОНДЫҚТАН ОЛ ҚҰДАЙЫН ТАНЫМАЙДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНЕ АЛМАЙДЫ

Құдай бiздi Өзiмен қарым-қатынас жасау үшiн жаратты. Ал бiз Оған терiс қарап, Оның еркiне қарсы шықтық. Киелi жазбада Құдайдың тiлiн алмау және Оған немқұрайды болу - күнә делiнген.

Адамзат күнәкар «Бәрi де күнә жасап, Құдайдың ұлылығынан құр алақан қалды» (Рим.3:23)

Күнәның кесiрiнен адам Құдайдан аластатылды Ал «... күнәның жазасы - өлiм», яғни Құдайдан рухани аластатылу (Рим.6:23).

«Өз заңсыздықтарың сендердi Құдайдан ажыратты және күнәларыңды естiмеу үшiн Ол сендерден бетiн бұрып, терiс қарап кеттi» (Ишая.59:2).

kudai.kz

Мына суретке қараңыз: қасиеттi Құдай мен күнәкар адамның арасында байланысы жоқ түпсiз тұңғиық (бiздiң күнәларымыз) тұр. Олар бiр-бiрiнен мүлде ажыратылған. Бiрақ адамдар өз қолдарынан келетiн шаралармен Құдай беретiн сүйiспеншiлiк, жан тыныштығы мен күш-қуатқа жетуге тырысуда: айталық, кейбiр адамдар қайырымдылық немесе ерлiк жасау арқылы, кейбiреуi таза өмiр сүруге тырысып, ал басқа бiреулер пәлсәпалық талдау немесе психологиялық әдiстер мен дiни ырымдарды орындап, мақсаттарына жетпек. Бiрақ бiздiң күнәларымыз кедергi болып тұр. «Күнә» деген түпсiз тұңғиықтан өткiзетiн «көпiр» керек. Ол қандай болмақ? Күнәның жалғыз ғана шешiмi туралы үшiншi шындық әңгiмелейдi.

Ерте замандағы пайғамбарлар күнәға батқан адамзатқа Құдай Құтқарушыны, яғни Мәсiхтi жiберетiнiн алдын ала айтқан. Сол Мәсiхтiң азап шегiп өлетiнiн, содан кейiн қайта тiрiлетiнiн де олар айтып кеткен. Осы болжаулар Иса Мәсiхтiң өмiрiне дәл келдi. Иса Мәсiх Құдайдың еркiн түгел орындап, күнәсыз өмiр сүрiп, адамдардың күнәларын өтейтiн құрбандық болды.


kudai.kz

ИСА МӘСIХ - АДАМДЫ КҮНӘДАН ҚҰТҚАРАТЫН ҚҰДАЙДЫҢ БЕРГЕН ЖАЛFЫЗ FАНА ЖОЛЫ. ТЕК СОЛ АРҚЫЛЫ БIЗ ҚҰДАЙДЫ БIЛЕМIЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНЕМIЗ

Құдай жерге Иса кейпiнде келдi «Ерте замандарда Құдай пайғамбарлар арқылы бiрнеше рет және әртүрлi жағдайда ата-бабаларымызға сөйлеген. Соңғы күндерi Құдай бiзге Иса арқылы сөйледi. Иса - Құдайдың ұлылығының сәулесi, Оның болмысының дәл бейнесi» (Еврей.1:1-3). Иса Мәсiх бiздiң күнәмыздың құрбандығы

Адамдар өздерiнiң күнәлары үшiн тоқты шалса, сол сияқты Құдай да бiздiң күнәларымыз үшiн Исаны құрбандыққа бердi. «Құдай алдында бiз әдiл болсын деп, Ол бiз үшiн күнәсызды күнә еттi» (2Қорынт.5:21). Бiрақ Ол өлiмнен қайта тiрiлдi

«Киелi жазбаларда алдын ала айтылғандай, Мәсiх бiздiң күнәларымыз үшiн жанын қиды... Ол қабiрге қойылып, үшiншi күнi қайта тiрiлдi» (1Қорынт.15:3,4).

Құдайға апаратын жалғыз жол «Иса Оған: - Жол, шындық және шынайы өмiр Менмiн; Мен арқылы болмаса, ешкiм де Әкеге бара алмайды, - дедi» (Жохан.14:6).

kudai.kz

Мына суретте Құдай Оны адамнан айырып тұрған тұңғиықтың үстiнен Исаны бiз үшiн өлiмге жiберiп, «көпiр» орнатқаны көрiнiп тұр. Иса қозы сияқты бiздiң күнәмыз үшiн құрбан болды. Осылай Құтқарушымыз Иса Мәсiх бiз күнәдан арылуымыз үшiн және шындық жолына түсуіміз үшiн Құдайға апаратын жолды ашып бердi.

Осы үш ақиқат бiздiң күнәдан арылуымыз үшiн жеткелiктi ме? Жоқ.





kudai.kz

ЕГЕР БIЗ ИСА - ҚҰТҚАРУШЫ ЖӘНЕ БIЗДIҢ ӨМIРIМIЗДIҢ ИЕСI ЕКЕНIНЕ СЕНСЕК, БIЗ ҚҰДАЙДЫ БIЛЕТIН БОЛАМЫЗ

Бiз Исаға сенуiмiз керек.

«Бiрақ Оны қабылдап, Оған сенiм артқандардың бәрiн Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты еттi» (Жохан.1:12).

Бiз Исаға сену арқылы құтқарыламыз

«Себебi Құдайдың рақымымен, Мәсiхке деген сенiмдерiң арқылы құтқа-рылдыңдар. Бұл - өздерiңнiң жетiстiктерiң емес, Құдайдан келген сый, сондықтан игi iстерiмнiң арқасында құтқарылдым деп ешкiм мақтанбасын» (Ефес.2:8-9). Бiз Исаны жеке шақырамыз.

«Иса былай деген: «Мiне, Мен есiк алдына келiп, қағып тұрмын; егер кiмде-кiм Менің даусымды естiп, есiк ашса, Мен соған кiремiн»» (Аян. 3:20).

Исаға сену дегенiмiз - өзiмiздiң күнәларымызды мойындап, Құдайдан кешiрiм алу, бiздi Өз қалауындағы адам етуi үшiн өмiрiмiзден тиiстi орын алуына Оған мүмкiндiк беру. Демек, Исаны бiздiң күнәмыздың жалғыз құрбандығы деп ақылымызбен ғана түсiну жеткiлiксiз. Есiңiзде болсын, бiз шын сенiм арқылы құтқарыламыз, ендеше Исаны сенiммен қабылдауымыз қажет. Иса Місiхке деген сенiмiмiз үшiн Құдай бiзге жаңа рухани өмiр сыйлайды.

МЫНА ЕКI СУРЕТ ЕКI ТҮРЛI ӨМIРДI БЕЙНЕЛЕЙДI

Бiрiншi суретте адамның ӨЗ БЕТIМЕН ӨМIР СҮРУI бейнеленген. «Тақта» адамның ӨЗI отыр, демек, адам өмiрiн Өзi басқарып тұр. Ал Иемiз ИСА Мәсiх өмiрден тыс қалған: адам Оны әлi қабылдаған жоқ. Адамның мүдделерi, талап тiлектерi, сезiмдерi және күштерi бiр- бiрiне сай келмей, адамды жан тыныштығына жеткiзбейдi. Өмiр, адамның өзi басқарып отырған. Өмiр, Иса Мәсiх басқарып отырған. Екiншi суретте адам ИСА МӘСIХТI өмiрiнiң ИЕСI ретiнде шақырған. Ол оның өмiрiнiң «қақ төрiнде» отыр. Иемiз Иса Місiхке осы лайық. Адамның ӨЗI Оған бағынған. Адамның мүдделерi мен талап-тiлектерiн Иса Мәсiх реттеп отыратындықтан, оның жаны тыныш болып, өмiрiндегi рухани күштер тең бөлiнедi.

Осы екi суреттiң қайсысы сiздiң өмiр сүру салтыңызды бейнелейдi? Бұлардың қайсысын қалайсыз?

М - мен Тақта отырған «Мен».
И - өмiрден тыс қалған Иса.
О - Адамның мүдделерi.
И - Иса өмiрiмнiң иесi.
М - «Мен» Исаға орын бердiм.

ИСАҒА СЕНIП, ОНЫ ҚҰТҚАРУШЫ РЕТIНДЕ ЖӘНЕ ИЕ РЕТIНДЕ ДӘЛ ҚАЗIР ҚАБЫЛДАП, ҚҰДАЙFА СИЫНУFА БОЛАДЫ (Құдайға сиыну, яғни дұға ету дегенiмiз Құдаймен сөйлесу)

Құдай сiз өз шешiмiңiздi тура қазiр Оған айтқаныңызды қалайды. Ол әр адамның жүрегiндегiнi жақсы бiледi. Сондықтан маңыздысы сөзiңiз емес, сiздiң жүрегiңiз. Шамамен былай деп сиынуыңызға болады:

«Көктегi Әке! Сiздiң алдыңызда мен күнәлы екенiмдi мойындаймын. Иса Мәсiхтiң күнәкар адамдарды құтқару үшiн өлгенiн, соның арқасында Сiз адамдардың күнәсын кешiретiнiңiздi бүгiн бiлдiм. Мен бұған сенемiн. Менi де кешiрiңiз. Иса Мәсiх, Құтқарушым, менiң өмiрiмдi Өз қолыңа алшы. Маған зұлымдыққа қарсы тұра алатын күш және жан тыныштығын берші. Маған көмектесші!
Аумин».

Ойланыңызшы: осы сөздер шын көңiлiңiзден шыға ма?

Егер олай болса, дәл қазiр осылай немесе осыған ұқсас сөздермен Құдайға сиыныңыз. Сонда Иса Мәсiх Өзiнiң уәдесiн орындап, өмiрiңiзден тиiстi орын алады.

Иса Мәсiхтiң өмiрiңiзден орын алғанын қалай бiлуге болады? Сiз Иса Мәсiхтi өмiрiңiзден орын алуға шақырдыңыз ба? Ендеше, берген уідесiне сай Ол қазiр қайда? (Аян.3:20). Ол сiздiң өмiрiңiзге кiремiн деп уәде бердi ғой. Ал Құдай Өз уәдесiн орындамауы мүмкiн бе? Дұғаңызға Құдайдың жауап беретiнiне қалай сендіңіз?

Киелi Жазбада Исаны қабылдағандарға Құдай «мәңгiлiк өмiр беремiн» деп уәде берген: «Құдайдың беретiн сыйы - Иемiз Иса Мәсiхпен тығыз байланыста болатын мәңгiлiк өмiр» (Рим.6:23).

Әрқашан Құдайға алғыс айтыңдар, себебi ол үнемi сендермен бiрге және ешқашан тастамайды. Оның берген уәдесiнен сендер Исаның өздерiңмен өмiр сүретiндерiңдi оны қабылдаған кездерiңнен бастап бiлесiңдер. Ол сiздi алдамайды.

Бiрақ келесiнi есте сақтау маңызды
БIЗДIҢ СЕНIМIМIЗДIҢ НЕГIЗI - ҚҰДАЙДЫҢ УӘДЕСI
Бiздiң сенiмiмiздiң негiзi сезiм емес, Киелi Жазбаға жазып қалдырған Құдайдың уәдесi. Исаның жолын ұстаушылар Құдайдың Өзiне және Оның Сөзiне сенiп, үмiт артады. Құдайдың бар екенi және Оның Сөзi - АҚИҚАТ. Ал Құдай мен Оның Сөзiне сену - бұл бiздiң СЕНIМiмiз. Сенiмнiң нәтижесiнде СЕЗIМ мен мойынсұну пайда болады. (Жохан.14:21).

Төмендегi суреттегi вагондарын тiркеген пойыз Исаға сенушiлердiң өмiрiн бейнелейдi және ақиқат, сенiм мен сезiмнiң бiр-бiрiмен байланысын көрсетедi.

Паровоздың вагонсыз да жүре беретiнi түсiнiктi. Бiрақ вагондар паровозсыз пойызды орнынан қозғай алмайды. Осы сияқты бiз, Исаға сенушiлер, сезiмдерiмiз бен көңiл-күйiмiздiң жетегiнде болмай, Құдайдың мызғымас беделi мен Оның Сөзiне сенiп, үмiттенемiз.

СIЗ ИСАНЫ ҚАБЫЛДАFАННАН КЕЙIН

Исаға сенiп, Оны қабылдағаннан кейiн сiзде көптеген өзгерiстер пайда болды. Дәлiрек айтсақ:
1. Иса сiздiң өмiрiңiзге кiрдi (Қолос.1:27; Аян.3:20).
2. Сiздiң күнәларыңыз кешiрiлдi (Қолос.1:14).
3. Сiз Құдайдың жанұясына кiрдiңiз (Жохан.1:12).
4. Сiз мәңгiлiк өмiрге ие болдыңыз (Жохан.5:24).
5. Құдайдың сiзге арналған жолына түстiңiз (Салониқа.5:18; Жохан. 10:10; 2Қорынт.5:17).

Құдайдың сiзге жасаған жақсылықтары үшiн алғыс айтып, дұға еткiңiз келе ме? Құдайға алғыс айтып, сиыну арқылы сiз Оған деген сенiмiңiздi бiлдiресiз.

Ал сiздiң жаңа өмiрiңiз жан-жақты толық болуы үшiн рухани дамуыңыз керек.

РУХАНИ ӨСУ ҮШIН НЕНI БIЛУ КЕРЕК?

Рухани өсу көбiнесе Исаға деген сенiмге байланысты болады. Сенiммен өмiр сүрсеңiз, күнделiктi тұрмысыңыздың ұсақ-түйектерiне дейiн Құдайға тапсыру қабiлетiңiз дамиды да, сiз:

1. Құдайға сиынып дұға етесiз (Жохан.15:7).
2. Киелi Жазбаны оқисыз (Елшi.iстерi 17:11).
3. Бәрiн Құдайға сенiп тапсырасыз (Жохан.14:21).
4. Иса туралы сөзбен, iстерiңiзбен және бүкiл өмiрiңiзбен куәлiк етесiз (Жохан.15:8).
5. Құдайға толық үмiт артасыз (1Петiр.5:7).
6. Күнделiктi өмiрде және Иса туралы куәлiк ету үшiн Киелi Рухтың сiздi басқаруына және Оның күшiн беруiне мүмкiндiк жасайсыз. (Ғалат.5:16; Елшi.iстерi 17:11).



ИСАНЫҢ ЖОЛЫН ҰСТАУШЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛУЫҢЫЗ КЕРЕК

Исаның жолын ұстаушыларға Киелi Жазбада «...өзiңнiң жиналысыңнан қалма» деп кеңес бередi» (Еврей.10:25).

Отынды көп салса, от лаулап ұзақ жанады, бiрақ жеке жанған ағаштардың оты тез сөнедi. Исаның жолын ұстаушылар да сол секiлдi. Егер сiз сенушiлердiң жиналысына қатыспай жүрсеңiз, шақыру күтпеңiз. Сiз тұратын маңайдағы Исаға сенушiлердi, яғни Исаны қастерлейтiн және Оның Сөзiн уағыздайтын сенушiлер жиналысын iздеп тауып алыңыз. Сiздiң рухани дамуыңызға бұл өте қажет.