Құдайдың бар екенін біз қалай біле аламыз?


kudai.kz

Құдайдың бар екенін біз қайдан біле аламыз?

Құдайға сенім артудың қандай да бір ақылға қонымды негізі бар ма, әлде біз көзімізді жұмып сенуіміз керек пе? «Соқыр сенім» немесе «қара түнекке секіру» сияқты түсініктер Киелі кітапқа сай емес. Киелі кітапқа деген сенімді сенбеуші адамдар көре алмайды; бұл қара түнекке емес, қайта нұрға секіру. Мәсіхшілер үшін Құдай – бізді сүйетін және бізге Өзін ашып беретін Құдай.

Құдай бізге Өзін ашып бергендіктен, біз Оның бар екенін білеміз. Ол мұны түрлі жолмен жасады - Өзінің жаратылысы арқылы, кереметтері арқылы және басқа да әрекеттері арқылы. Құдайдың бар екенін дәлелдейтін көптеген айғақтар бар, солардың кейбірі өте қомақы. Алайда, Құдаймен тығыз қарым-қатынастан аластаған күнәкар адамның ақыл-санасы бұдан да үлкен куәлікті қажет етеді. Бізге Құдайдың Өзін әлемге көрсеткені керек. Құдай да дәл осылай жасады.

Алдымен Киелі кітаптық пайғамбарлар арқылы, сосын Иса Мәсіх арқылы әлемге сөйледі, бізге Өзін көрсетті, рухани Ұлының құрбандығы арқылы татуласуға шақырды, Көне Келісімдегі пайғамбарлық сөздерді жүзеге асырып, Исаны өлімнен қайта тірілтті. Осылайша, біз Құдайдың бар екенін біле аламыз.