Жақыныма


DeviceҚұлақ салып тыңда бір сәт, өтінемін, жақыным, Болжадың ба ой жіберіп болашақты, өміріңнің ақырын. Бұл дүниеде бәрі жалған, бақыт та жоқ баянды, Ұрлап жатыр қазынаңды қас дұшпаның ақырын. Меншігің жоқ, еншің де жоқ жер бетінен алатын, Бәрі алдамшы, қысқа өмірің надан етіп әуреге салатын. Бірер сәтке аптықпай сен жан-жағыңа қарашы, Қаншама көп қасіретті болып жатқан азғындықпен санашы. Сан жетпейді, сонда көріп, түңілер ең өмірден, Қаншама жан адасып жүр, опа бермес өткіншіге семірген. Қожасы осы дүниенің бар болмысын соқыр етіп қойыпты Сондықтан да азғындық көп, жағымпаздар, маскүнемдер елірген. Сиқы, міне, бұл дүниенің көз алдыңда көрнеу тұр, Қаншама жан шындық іздеп жаны егіліп жылап құр, Іштен тынып, қасіретін шығара алмай сыртына, Сырты бүтін, іші түтін, жұбаныш жоқ өмірінде бәрі тұл. Міне, осындай халде бүгін барша адам баласы, Әділетті аңсағанның болмас, сірә, бұған ешбір таласы. Сен де осындай азаптағы пенделердің бірісің, Тыңда, ойлан, жазылады жүрегіңнің жанға батқан жарасы. Жүзіңдегі күлкің жалған, білем ішің у мен өрт, Тыңда, өтінем, өмір сөзін сосын терең ойлан тек. Сендегі осы ауыр халді кешкелі мен де өмірде, Сол дертіме шипа тапқам, сақайғанмын жылап келіп Тәңірге. Сол Құдайды арнайы іздеп Меккеге де барғам жоқ, Әулиеге барып түнеп, адамдардан ешбір дәріс алғам жоқ. Тәңірім-ау, барсың ба деп жылағанда қиналып, егіліп, Жауап берген Әкежаным рахымы жүрегіме төгіліп. Тәңір сонда, жан дүниеме құшақ ашып, жұмсақ үнмен тіл қатқан, Жұбатушы сөзін айтып, көз жасымды мәңгілікке құрғатқан. Түнек кетіп, жарық келіп, үміт жанып жүректе, Осылайша менің үшін мәңгілікке қарсы алдымнан таң атқан. Сонан бері айналамда қайғы бұлты біржолата сейілген, Жаным сергіп, сергелдеңсіз тегін маған жан тыныштық берілді. Алғыс айтам шүкірлік қып, о, жасаған, Жан Ием! Рахмет деп алдыңа кеп Сенің әркез құдіретіңе бас ием. Солай білдім Иса болып Құдайымның жер бетіне келгенін, Құрбандық боп, күнім үшін ағашта айқыш, қиналыста өлгенін. Өлімнен соң үш күн өте, мәңгілікке тіріліп, Баршамызға мәңгі өмірге жолды салып, болашақты бергенін.

Бекпаев Тұрғанбек