Құтқарылу туралы не білесіз?


kudai.kzҚұдай барлығына құтқарылуды рақымымен береді. Бұл Құдайдың жай төлемсіз беретін сыйы. Құдайдың осы тегін сыйын өмірімізде қолдану үшін оны қабылдау керекпіз. Мәсіх бізді құтқару үшін жанын қиғандығын білеміз деп қол қусырып отырмауымыз керек, қайта Құдай құтқарылуды берген екен деп, Құдайдың сол әрекетіне жауап беруіміз керек. Жауаптың қажет екендігін Елуінші күні Петірдің уағызынан кейін жамағаттың қойған сұрағынан байқауға болады: “Бауырластар, біз енді не істеуіміз керек?” (Елші.істері 2:37). Осы сұрақтың жауабын келесі аяттағы Петірдің сөзінен табамыз: “Әркім күнәсы кешірілу үшін теріс жолдан қайтсын...” (Елші.істері 2:38). Қазақ тіліндегі осы аяттың аудармасы “тәубе ету” деген грек терминінің мағынасын өте ашып көрсетеді. Бұл сөздің тура мағынасы - “шешімді немесе көзқарасты өзгерту” не “теріс қарау”. Бұл сөз әрқашан бағытты өзгертумен байланысты. Тәубеге келетін адам теріс жолдан қайтады немесе күнәға деген көзқарасын өзгертеді. Күнәны мойындау ұғымы тәубе етуге өте ұқсас. Адамдар тәубе еткен жағдайда күнәларын да мойындайды. Киелі кітапта мынадай уәде айтылған: “Егерде күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады” (1Жохан. 1:9). Күнәларын мойындаған сәтте адам Исаның Тәңір екендігін де мойындайды. Құтқарылудың осы жағы жайында Рим. 10:9-10 аяттарында айтылған: “Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың. Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсынан ақталып, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады”. Бұл басқалардың алдында да мойындау керектігі туралы айтылған. Иса мойындау туралы: “Сонымен Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де көктегі Әкемнің алдында мойындаймын” дейді (Матай. 10:32; Лұқа. 12:8). Тәубе еткен кезде күнәларды мойындау мен сенімде Құдайға бұрылу арқылы адам теріс жолдан қайтып, күнәларынан бас тартады. Иса Мәсіхке сенбейтін ешбір адам құтқарылмайды (Ефес. 2:8). Сенім арқылы біз Құдайдың құтқарылу сыйына ие бола аламыз. Бұл сый Мәсіхтің айқыш ағаштағы құрбандығын жете түсіну мен Ол қайта тірілгендіктен, Оның бізге беретін мәңгілік өмірі болып табылады. Сенім құтқарылудың шешуші бөлігі.