Құдай – Ол Кім?


kudai.kzБіздің тамаша да әсем әлемімізді жаратқан Құдай біздің Өзін танып-білгенімізді қалайды. Ол бізге Өзі туралы айтып береді, бірақ осымен шектелмейді. Ол біздің Өзімен тығыз қарым-қатынаста тұрғанымызды қалайды, әрқайсымыздың Өзін жеке дара танып-білгенімізді қалайды. Құдай – Ол Кім? Ол қандай? Ол - танып-білуге болатынның Өзі. Біздің тамаша да әсем әлемімізді жаратқан Құдай біздің Өзін танып-білгенімізді қалайды. Ол бізге Өзі туралы айтып береді, бірақ осымен шектелмейді. Ол біздің Өзімен тығыз қарым-қатынаста тұрғанымызды қалайды, әрқайсымыздың Өзін жеке дара танып-білгенімізді қалайды. Біз Ол туралы біліп қана қоймай, қайта Оның Өзін білгенімізді қалайды. «Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен, бай байлығымен мақтанбасын! Ал кім мақтанғысы келсе, тек Менің Жаратқан Ие екендігімді жəне жер бетінде рақым, əділет пен əділдікті жүзеге асыратынымды біліп-түсінетінімен мақтансын! Себебі Мен осылардан рақат табамын. Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін» (Еремия 9:23-24). Құдай – Ол Кім? Ол – сұхбаттасуға болатынның дәл Өзі. Құдай біздің Өзімен сөйлескенімізді, бізді мазалаған нәрселерімізбен бөліскенімізді қалайды. Осы үшін бізге табиғаттан тыс бір нәрсені істеудің қажеті жоқ. Дұрыс сөздерді білудің, діни білімнің болуы немесе күнәсыз болудың қажеті жоқ. Жоқ. Біз бүкіл жүрегімізбен күнәларымызға өкініп, Онымен қарым-қатынасты іздегенімізде, Құдай бізді сүйеді, қабылдайды. «Тәңiр Өзiне сиынғандардың жанында, шынайы шақырғандардың Ол қасында» (Забур жырлары 144:18). Құдай – Ол Кім? Ол жарататынның дәл Өзі Адам не жасап шығармаса да, ойлап таппаса да, ол әрдайым әуелден бар материалдар мен заттарды, ойларды қолданады. Құдай Өзінің бір сөзімен жаңа өмірді жарата алады, тек галактикалар мен өсімдіктердің жаңа түрлері, жануарлар ғана Оның еркі бойынша пайда болып қана қоймайды, сонымен қатар ең көкейтесті мәселелер де шешімін табады. Құдай біздің кез келген мәселемізді шешіп бере алады. Ол біздің Өзінің құдіреті мен күшін білгенімізді қалайды, әрі толығымен Өзіне үміт артқанымызды қалайды. «Иемiз ұлы әрi тым қуатты, шексiз мол Оның ақыл-парасаты» (Забур жырлары 146:5). «Тауға көздi қадаймын, қайдан жәрдем келер деп. Көк пен жердi жаратқан Тәңiр Ием маған жар» (Забур жырлары 120:1-2). Құдай – Ол Кім? Ол – кешіретіннің дәл Өзі. Біз күнә жасаймыз, Құдайдың қалауы бойынша емес, қайта өз қалауымыз бойынша әрекет етуді қалаймыз. Ол осыны көреді де, біледі де. Әрі Ол тек бақылап қана қоймайды, Ол үкім шығарып, адамдарды күнәлары үшін жазалайды. Бірақ біз Онымен қарым-қатынасты іздеп, Оған мойын бұрғанымызда, Құдай бізді кешіреді. Құдайдың рухани Ұлы Иса Өзінің құрбандық өлімі арқылы біздің күнәларымыздың құнын төледі. Ол өлімнен қайта тірілді, бізге кешірім берді. «Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрiн де Иса Мәсiхке деген сенiмдерi арқылы ақтайды. Себебi бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ... Құдай Мәсiхтi күнәлардың құнын өтеушi құрбандық етiп көрсеттi: Оның қаны төгiлiп, құрбан болғандығына сенгендердi Құдай кешiредi. Оның әдiлетi осы арқылы айқын көрiнедi. Себебi Тәңiр бұрыннан берi шыдамдылық көрсетiп, адамдарға күнәларына бола лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген едi» (Рим. 3:22, 25). Құдай – Ол Кім? Ол - әрдайым шындықты айтатынның дәл Өзі Өзінің қандай сезімде екенін, не ойлап тұрғанын білдіргісі келетін адам солармен бөліседі. Құдай да дәл солай істейді, тек бір айырмашылығы – Ол әрдайым шындықты айтады. Өзі туралы не біз туралы айтатынының барлығы – шындық. Оның сөздері біздің сезімдеріміз бен ойларымыздан да сенімдірек. Құдайдың айтқан сөздерінің барлығы шындық. Біз Оның әрбір уәделеріне батыл үміт арта аламыз. Оның әрбір сөздері шындық. «Мәнiсi ашылғанда сөздерiң нұрын шашады, бiлiмсiздердiң де санасын оятып ашады» (Забур жырлары 118:130). Құдай – Ол Кім? Ол – барлық нәрсені жасай алатынның дәл Өзі. Ешқашан да қате жасамауды қалайсыз ба? Осындайды көз алдыңызға елестете аласыз ба? Құдай ешқашан да қателеспейді. Оның даналығы шексіз. Ол біздің өмірімізде болып жатқан нәрсенің барлығын, қалай және неліктен болып жатқанын біледі. Ол өткенді де, болашақты да біледі. Бізге Оған жаңалықтарды хабарлаудың қажеті жоқ, кеңес берудің немесе дұрыс істеуге көндірудің қажеті жоқ. Ол мұны сөзсіз істейді, себебі Ол киелі әрі барлық нәрседе рақымды. Егер біз Оған сенім артсақ, Ол біздің өмірімізден еш қателік жасамайды, ешқашан да бізді тастап кетпейді, сатып кетпейді. Кез келген заманда, кез келген жағдайда Оның шешімдері дұрыс әрі сенім артуға лайықты. «Саған сүйенген ешкiм қалмас ұятқа, бекер сатып кеткендер болар масқара» (Забур жырлары 25:3).