Құдайдың бар екенін дәлелдей аласыз ба?


kudai.kzЕгер менің дәлелім сенбеушінің көзін жеткізе алмаса, онда осы көзқарасқа сай, мен Құдайдың бар екенін дәлелдей алмадым. Яғни, егер сенімсіздіктің орнына сенім келмесе, менің дәлелдерімді олар қабылдамайды. Егер бұл дәлел болмаса, онда одан не пайда? Неліктен пәлсапашылар мен Құдайға сенбейтіндер осы сұрақты қояды? Иммануил Кант таза ақылдың Сынын (Критика чистого разума) жазғалы бері, ойшылдардың арасында Құдайдың бар екенін дәлелдеу мүмкін емес деген пікір кеңінен тарап кетті. Оның үстіне американдық оқымыстылардың арасында бұл пікір ақиқат деңгейіне дейін жетті. Бұның ақиқат екенінің себебі – бұған күмән келтіргенімде көретін әрекет. Әлдекім былай деп айтқанда: «Сіз Құдайдың бар екенін дәлелдей алмайсыз», менің сол адамнан әрдайым сұрағым келетіні: «Сіз қайдан білесіз? Сіз менімен жаңа ғана таныстыңыз ғой! Менің не істей алатынымды қайдан білесіз?». Осындай пікірді ұстанатын адамдар не айтқысы келеді? Олардың көбісі мен Құдайдың бар екеніне дәлел келтіре алмайды деп ойлайды. Егер менің дәлелім сенбеушінің көзін жеткізе алмаса, онда осы көзқарасқа сай, мен Құдайдың бар екенін дәлелдей алмадым. Яғни, егер сенімсіздіктің орнына сенім келмесе, менің дәлелдерімді олар қабылдамайды. Егер бұл дәлел болмаса, онда одан не пайда? Барлық ойшылдарды сендіретін дәлелді келтіре алмайтынымды білемін. Бірақ бұл нені білдіреді? Құдайға қатысты ма? Жоқ. Бұл Құдайдың бар екені туралы емес, қайта дәлелдің табиғаты туралы көбірек айтады. Кез келген адамның көзін жеткізетін Құдайдың бар екенінің дәлелін келтіре алмаймын. Бірақ мәселе бұл емес. Түсінесіз бе, барлығы еш күмәнсыз қабылдайтын кез келген қызықты пәлсапалық қорытындыға дәлел келтіре алмаймын. Шын мәнінде таулар бұл жәй ғана елес деп дәлелдей алмаймын, осыған барлық пәлсапашылардың көзін жеткізе алмаймын. Бүкіл әлем бес минут бұрын пайда болғанын дәлелдей алмаймын, біздің барлық естеліктеріміз жәй ғана қиял емес екенін дәлелдей алмаймын. Өзіңіз көшеде көріп жүрген адамдарда ақыл-сананың бар екенін дәлелдей алмаймын. Олар жәй ақылды роботтар болса ше? Күмәнның болуынан аттап өтіп кететін бірде-бір қызықты пәлсапалық қорытынды болмайды. Сондықтан Құдайдың бар екенінің дәлелі математика тарапынан қабылданбайтындығы өздігінен Құдайдың бар екендігінің айғағын азайтпайды. Тек Құдайдың бар екендігінің мәселесі басқа категорияға өтеді, бұған тәуелсіз Жаратушының бар екендігі, адамда ақыл-сананың бар екендігін қайдан біле аламыз мәселесі жатады. Бұл Құдайдың бар екенінің дәлелі пайдасыз дегенді білдіреді ме? Жоқ. Әрине, мен барлық ойшыл адамдардың көзін жеткізетін дәлелді келтіре алмаймын, бірақ бұл Құдайға сену үшін менде жеткілікті негіз жоқ дегенді білдірмейді. Сонымен қатар, менің Құдайға сенімімнің кейбір негіздері сіз үшін шынайы бола алады. Тіпті сіз Құдайдың бар екеніне сенбесеңіз де, менің дәлелдерім бәрібір пайдасыз емес. Таулардың шынайы екеніне, естеліктеріміздің де шынайы екеніне, басқа адамдарда ақыл-сананың бар екеніне сену ақылға сиярлық. Осылардың барлығына сену ақылға сиярлық, бірақ дәлелдей алмаймыз. Мүмкін, Құдайдың бар екендігінің кейбір дәлелдері Құдайға деген сенімнің ақылға сиятын іс екеніне көзіңізді жеткізетін болар. Құдайдың бар екенін біз қайдан білеміз? Біз мұны растайтын қорытындыны іздемейміз, қайта әбден анық нәрсені өлшейміз және өзімізге сұрақ қойып, мүмкіндіктерді зерттейміз: анық нәрсеге мүмкіндіктердің қайсысы бәрінен де сай келеді?