Төрт рухани заң деген не?

Төрт рухани заң - Иса Мәсіхке сену арқылы құтқарылу әкелетін Ізгі хабарды адамдарға жеткізу құралы. Яғни осы төрт заң Інжілдегі маңызды мәліметті төрт бөлімге қорытындылаудың қарапайым әдісі.

Құдайдың бар екенін біз қалай біле аламыз?

Құдайдың бар екенін біз қайдан біле аламыз? Құдайға сенім артудың қандай да бір ақылға қонымды негізі бар ма, әлде біз көзімізді жұмып сенуіміз керек пе? «Соқыр сенім» немесе «қара түнекке секіру» сияқты түсініктер Киелі кітапқа сай емес. Киелі кітапқа деген сенімді сенбеуші адамдар көре алмайды; бұл қара түнекке емес, қайта нұрға секіру. Мәсіхшілер үшін Құдай – бізді сүйетін және бізге Өзін ашып беретін Құдай.

Иса Өзінің Құдай екенін айтты ма?

Иса Өзінің Құдай екенін айтты ма? Исаның алғашқы шәкірттері Оның Құдай екеніне нық сенді. Пауыл былай деп жазады: «Көзге көрiнбейтiн Құдайдың қандай екенiн рухани Ұлы көрсетедi. Ол жаратылыс атаулының бәрiнен жоғары... Құдай Өзiнiң бүкiл болмысының рухани Ұлында тұруын ұнатты» (Қолостықтарға арналған хат 1:15, 19). Жохан Исаның бүкіл әлемді жаратқанын айтады.

Егер Құдайды қабылдамасам, бірақ Құдайдан бас тартпасам не болады?

Сұрақ: «Егер Құдайды қабылдамасам, бірақ Құдайдан бас та тартпасам не болады? Егер Құдай жоқ деп айтпасам, бірақ бар екендігін де мойындамасам не болады?». Жауыбымыз: Барлығы сіздің не нәрсеге сенетініңізге байланысты. Басқаша айтсақ, бір күні Құдай алдында тұрасыз да, былай дейсіз: «Мен Сенің бар екеніңді ешқашан да білген жоқпын ғой!». Сонда Құдай сізге былай жауап береді: «Жоқ, сен білдің! Бұл дәл солай!

Құдаймен қалай жүздесе аламыз

“Құдай, қайдасың Сен? Сен маған керексің. Сені қалай таба аламын?” Бір сәтке ойланып көріңізші, мүмкін, осы сөздер Сіздің жүрегіңіздің халін білдіретін шығар. Бүкіл жан-тәніңізбен Құдайды іздеп, Оны аңсап, Оны шақырған кездеріңіз болды ма? Осы ізденісіңізде Сіз жалғыз емессіз. Адамдар әркез және әрқашан Құдайды іздеген. Оларда көптеген сұрақтар болған: “Құдайды қалай табуға болады? Ол Кім? Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеу керек?

Қиын-қыстау кездегі бір үмітіміз

Көкпен таласқан зәулім тау шыңдары мен ен даланың сұлулығы бүкіл әлемді жаратқан бір Құдайдың құдіреті мен ұлылығын есімізге салады. Біз Құдаймен қалай таныса аламыз? Киелі кітапта екі жол туралы жазылған: “Тар қақпадан кіріңдер! Себебі өлімге апаратын қақпа кең, жол да үлкен, сонымен жүретіндер көп. Ал өмірге апаратын қақпа тар, жол да тар, оны аз ғана кісі тауып барады”. Құдай бізді өмірге апаратын осы жолға түссе, сөйтіп Өзімен танысса дейді.

Сенім

Тәубе еткен кезде күнәларды мойындау мен Құдайға сенім арту арқылы адам теріс жолдан қайтып, күнәларынан бас тартады. Иса Мәсіхке сенбейтін ешбір адам құтқарылмайды (Ефестіктерге арналған хат 2:8). Сенім арқылы біз Құдайдың құтқарылу сыйына ие боламыз. Бұл сый Мәсіхтің айқыш ағаштағы құрбандығын жете түсіну мен Ол қайта тірілгендіктен, Оның бізге беретін мәңгілік өмірі болып табылады. Сенім құтқарылудың шешуші бөлігі.

Дұға

Дұға арқылы Құдай бізді өзгертеді. Дарындылық, қабілеттілік, ақыл-ой, шынайылық, байсалдылық, ынта, көп оқу, Киелі кітапты жақсы білу, білім, мінезіміз ... осы нәрселердің ешқайсысы да дұғаның көмегінсіз бізді Құдай қалайтын адамға өзгерте алмайды. Себебі Құдай дұғаны бізді өзгерту үшін қолданады. Сондықтан дұғаға толы терең мағыналы өмір сүргіміз келсе, онда бізде өзгергім келеді деген ниет болуы керек.

Сиыну

Құдай бізді дұғаларымыз арқылы Өзіне шақырады. Ол біздің дұға еткенімізді қалайды. Ол бізбен қарым-қатынаста болғанда қуанады. Ол бізге қажет көмекті көрсетуге әрқашан даяр, рақымды Құдай.

Не үшін? Неге? Неліктен?

Дін қызметкері кезекті лекцияларының бірін аяқтағанда ашу кернеген бір студент оған келіп былай дейді. «Егер Құдай бар болатын болса, сіз Киелі кітаптан айтқандай мен бір кезде Оның алдына барып тұрамын, сол кезде менің оған қояр үш сұрағым бар». - Ол қандай үш сұрақ? - деп білуге құштарлық танытты уағыздаушы. - Бірінші сұрағым: - Құдай, мен не үшін туылдым? Екінші: Неге менің күнәкар болуыма жол бердің? Үшінші: неліктен күнәларым үшін мені тозаққа жібергің келеді?