'Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. ' Жохан 1:12
ИСАҒА СЕНIП, ОНЫ ҚҰТҚАРУШЫ РЕТIНДЕ ЖӘНЕ ИЕ РЕТIНДЕ ДӘЛ ҚАЗIР ҚАБЫЛДАП, ҚҰДАЙFА СИЫНУFА БОЛАДЫ
«Көктегi Әке! Сiздiң алдыңызда мен күнәлы екенiмдi мойындаймын. Иса Мәсiхтiң күнәкар адамдарды құтқару үшiн өлгенiн, соның арқасында Сiз адамдардың күнәсын кешiретiнiңiздi бүгiн бiлдiм. Мен бұған сенемiн. Менi де кешiрiңiз. Иса Мәсiх, Құтқарушым, менiң өмiрiмдi Өз қолыңа алшы. Маған зұлымдыққа қарсы тұра алатын күш және жан тыныштығын берші. Маған көмектесші!
Аумин».
ИСА МӘСІХ БІЗ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛДЫ
Құдайдың жоспары:
Иса айтты: 'Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім. ' Жохан 10:10
Бірінші ақиқат:
4 Рухани ақиқат
ҚҰДАЙ БIЗДI СҮЙЕДI, БIЗБЕН ТҰРАҚТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛFЫСЫ КЕЛЕДI ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНГЕНIМIЗДI ҚАЛАЙДЫ
Құдайдың сүйiспеншiлiгi:
«Бұл сүйiспеншiлiктiң мәнiсi мынада: Құдайды сүйген бiз емес, қайта, Ол бiздi сүйдi...» (1Жохан.4:10).
Құдай бiздi не үшiн жаратты? «Ол бiр кiсiден бүкiл адамзатты таратып, бүкiл жер жүзiне мекендетiп, нақты мерзiмдердi де, олардың тұратын жерлерiн де белгiлеп бердi. Құдай бұны адамдар Өзiн iздесiн, қарманып жүрiп сезiп, сөйтiп тауып алсын деп iстедi. Себебi Ол әрқайсымыздан алыс емес, өйткенi Оның арқасында бiз өмiр сүрiп, әрекет етiп жүрмiз» (Елшi.iстерi 17:26-28).
Құдайды бiлуiмiзге кедергi болып тұрған не?
АДАМ – КҮНӘКАР. КҮНӘНЫҢ КЕСIРIНЕН, ҚҰДАЙДАН АЛАСТАТЫЛДЫ, СОНДЫҚТАН ОЛ ҚҰДАЙЫН ТАНЫМАЙДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНЕ АЛМАЙДЫ
АДАМЗАТ КҮНӘКАР
«Бәрi де күнә жасап, Құдайдың ұлылығынан құр алақан қалды» (Рим.3:23)
Күнәның кесiрiнен адам Құдайдан аластатылды Ал «... күнәның жазасы - өлiм», яғни Құдайдан рухани аластатылу (Рим.6:23).
"АДАМ ҚҰДАЙДАН АЛЫСТАП КЕТТІ."
«Өз заңсыздықтарың сендердi Құдайдан ажыратты және күнәларыңды
естiмеу үшiн Ол сендерден бетiн бұрып, терiс қарап кеттi» (Ишая.59:2).
третья истина:
ИСА МӘСIХ - АДАМДЫ КҮНӘДАН ҚҰТҚАРАТЫН ҚҰДАЙДЫҢ БЕРГЕН ЖАЛFЫЗ FАНА ЖОЛЫ. ТЕК СОЛ АРҚЫЛЫ БIЗ ҚҰДАЙДЫ БIЛЕМIЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНЕМIЗ
ИСА МӘСІХ ӨЛІМНЕН ҚАЙТА ТІРІЛДІ
'Иса азапталып өлгеннен кейін оларға көптеген сенімді дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін ашық көрсетті: қырық күн бойы Ол елшілеріне көрініп, Құдайдың Патшалығы туралы тәлім беріп жүрді. '
Елшіл. істері 1:3
ИСА МӘСІХ - ҚҰДАЙҒА АПАРАТЫН ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ
'Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды. '
Жохан 14:6
Тек Иса арқылы біз Құдайдың сүйіспеншілігін және оның болмысын біліп, сезіне аламыз.
Құдай жерге Иса кейпiнде келдi «Ерте замандарда Құдай пайғамбарлар арқылы бiрнеше рет және әртүрлi жағдайда ата-бабаларымызға сөйлеген. Соңғы күндерi Құдай бiзге Иса арқылы сөйледi. Иса - Құдайдың ұлылығының сәулесi, Оның болмысының дәл бейнесi» (Еврей.1:1-3). Иса Мәсiх бiздiң күнәмыздың құрбандығы.
Адамдар өздерiнiң күнәлары үшiн тоқты шалса, сол сияқты Құдай да бiздiң күнәларымыз үшiн Исаны құрбандыққа бердi. «Құдай алдында бiз әдiл болсын деп, Ол бiз үшiн күнәсызды күнә еттi» (2Қорынт.5:21).
Осы үш ақиқат бiздiң күнәдан арылуымыз үшiн жеткелiктi ме?
ЖОҚ.
ЕГЕР БIЗ ИСА - ҚҰТҚАРУШЫ ЖӘНЕ БIЗДIҢ ӨМIРIМIЗДIҢ ИЕСI ЕКЕНIНЕ СЕНСЕК, БIЗ ҚҰДАЙДЫ БIЛЕТIН БОЛАМЫЗ
БІЗ ИСАНЫ ЖЕКЕ ШАҚЫРАМЫЗ
«Иса былай деген: «Мiне, Мен есiк алдына келiп, қағып тұрмын; егер кiмде-кiм Менің даусымды естiп, есiк ашса, Мен соған кiремiн»» (Аян. 3:20).
Ойланыңызшы: осы сөздер шын көңiлiңiзден шыға ма?
БІЗ ИСАҒА СЕНУ АРҚЫЛЫ ҚҰТҚАРЫЛАМЫЗ
«Себебi Құдайдың рақымымен, Мәсiхке деген сенiмдерiң арқылы құтқа-рылдыңдар. Бұл - өздерiңнiң жетiстiктерiң емес, Құдайдан келген сый, сондықтан
игi iстерiмнiң арқасында құтқарылдым деп ешкiм мақтанбасын» (Ефес.2:8-9).
Құдай сiз өз шешiмiңiздi тура қазiр Оған айтқаныңызды қалайды.
Ол әр адамның жүрегiндегiнi жақсы бiледi. Сондықтан маңыздысы сөзiңiз емес, сiздiң жүрегiңiз.
Шамамен былай деп сиынуыңызға болады:
Екінші ақиқат:
Үшінші ақиқат:
Төртінші ақиқат:
ИСАҒА СЕНУ ДЕГЕНІМІЗ - өзiмiздiң күнәларымызды мойындап, Құдайдан кешiрiм алу, бiздi Өз қалауындағы адам етуi үшiн өмiрiмiзден тиiстi орын алуына Оған мүмкiндiк беру. Демек, Исаны бiздiң күнәмыздың жалғыз құрбандығы деп ақылымызбен ғана түсiну жеткiлiксiз. Есiңiзде болсын, бiз шын сенiм арқылы құтқарыламыз, ендеше Исаны сенiммен қабылдауымыз қажет. Иса Місiхке деген сенiмiмiз үшiн Құдай бiзге жаңа рухани өмiр сыйлайды.