Қолда бар нәрселерді бағаламаймыз...

Жиі-жиі өзімізде бар нәрселерге біздің көңіліміз толмайды. Жиі өзімізде бар нәрсені бағаламаймыз: бізге электр қуатының, көліктердің, су құбырларының және басқа да көптеген нәрселердің қаншалықты маңызды екенін осылардан кенеттен айырылғанда байқаймыз. Біз, сондай-ақ, білім алу, кітаптар оқу, Интернетті қолдану сияқты мүмкіндіктерді бағаламаймыз.
Тіпті тамаққа да көңіліміз толмайды, мынадай сөздерді жиі естуге болады: «Мен балық жемеймін! Ал мен жүзім жемеймін! Ал мен сүт ішпеймін!». Ал осы кезде планетамыздың үштен бірі аштықтан мерт болуда!!!
Өмірге назаланбайықшы, қатты міншіл болмайықшы. Өзіміз ие нәрселер үшін, өмір сүріп жатқан еліміз үшін Құдайға алғыс айтайық. Осындай нәрселерге мұқтаж адамдарға көмектесетін болайық, қол ұшын берейік!
«Расында да Құдайға ұнамды өмiр сүрiп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткiзедi» (1Тімоте. 6:6).