1-САБАҚ

Сіз, «Адамдар дүниеден өткен соң қайда барады», – деп ойланып көрдіңіз бе? Ендеше, осы тақырып төңірегінде ой қозғайық!

Миллиондаған адам шындық ретінде қабылдап, құрметтейтін Киелі кітап – жұмақ және тозақ туралы айтады. Басқаша айтқанда, бізге жұмақ немесе тозақ дайындалған, яғни бұлар «мәңгілік өмір» не «мәңгілік өлім» дегенді білдіреді. «Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақырып отырмын: таңдап алуларың үшін өмір не өлім, жарылқау не қарғыс әкелетін жолдарды алдарыңа жайып салдым. Ендеше өмірді таңдап алсаңдар ғой!...» (Заң қайталау, 30:19)

Киелі Жазба былай дейді:
1. Аспан Патшалығы – тегін сый.
2. Оны игілік іс жасау немесе қызмет ету арқылы алуға болмайды.
Осы екі тұжырымға дәлелдеме бар ма? Соны қарастырайық. Көптеген адамдар Аспан Патшалығы – арнайы өсиеттерді орындап, тәртіптерді сақтаумен, сонымен қоса, өздігінен жұмыс істей отыра, Құдайдың мейріміне ие болатын мекен деп ойлайды. Сондықтан осы нәрселерді ойлап, адамадар уайымға түседі. Бірақ Киелі кітапты оқыған кезде, адамдарға таңғаларлық жайттар ашылады. Аспан Патшалғындағы мәңгілік өмір қызмет етіп немесе жетістікпен қол жеткізетін мекен емес, қайта Аспан Патшалығы Киелі Жазба бойынша, еш іс-әрекетсіз, тек сенім арқылы берілген тегін сый! Құдай оны бізге Өз рақымдылығымен тегін сыйлады. Иә, бұл расыменде таңғаларлық сыйлық.

Есте сақтау аяты:
«Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл – өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын. Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да». (Ефестіктерге арналған хат 2:8-9).

Рақымдылықты игілік жасап алуға немесе қызмет ету арқылы алуға болмайды. Бұл тегін сый. Көбінесе, біз осы өмірде тегін нәрсе жоқ деп ойлаймыз, тіпті бәріне төлем іздейміз. Ол шынымен де солай. Бірақ, ешқандай бағаға сатып алынбайтын мәңгілік өмір – бізге тегін беріледі!

Өмірде бәріне төлем керек деген ой бізге бала кезден қалыптасып қалаған, өйткені ол бәріне дұрыс болып көрінеді, сондықтан көптеген адамдар аспанға да осылай бару керек деп ойлайды. Осы жол дұрыс әрі әділ болып көрінеді, солай емес пе? Киелі Жазбада былай жазылған: «Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар, Ақырында олар ажалға бастап апарар». (Нақыл сөздер 14:12).

Құдай Өз жолын біздің жолға ұқсас еместігін, аспан жерден өте биік болғандай, Құдай жолы адамдыкінен жоғары екенін айтады. Құдай жолы – бұл рақымдылық жолы.

«Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы – Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір». (Римдіктерге арналған хат 6:23). Құдай адамзатты күнәдан арылтқысы келеді. Сондықтан да Өз рухани Ұлы Иса Мәсіхті құрбан етті. Иса – мәңгілік өмір беруші.

«Құдай сыйы - мәңгілік өмір», – шынымен де бұл ғажап емес пе? Адамдарда әртүрлі сұрақтар туады. Осы жағдайда Құдайдың әділ болып қалуы қалай? Осы сыйды кім алады? Бәрі немесе санаулы адам ғана ма?

Иса Мәсіх былай дейді: «Тар қақпадан кіріңдер! Тозаққа апаратын қақпа кең, жол да даңғыл. Онымен көп адамдар жүреді. Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады». (Матай жазған Ізгі хабар 7:13-14).

Егер осы сыйды бәрі алмаса, кім алады? Біз осы сыйды қалай аламыз және осы сыйға ие болғанымызды қалай білеміз?

Шындығында, мұның жалғыз жол екенінде еш күмән жоқ. Өйткені, Киелі кітаптан Құдай және адам туралы оқығанда өзге жол жоқ екенін түсінесіз. Мысалы, жақын досыңыздан сыйлық келді. Сол сәтте қалтаңызға қол салып, сыйлығына төлем беру үшін ақша іздей бастадыңыз. Бұның қаншалықты ерсі әрекет боларын көз алдыңызға елестетіп көріңізші.

Сый тегін беріледі. Егер бір тиын болса да ақы төлесеңіз, онда ол сыйлық болмайды. Мәңгілік өмірмен де дәл солай. Исаға сенім артқан адам Құдай рақымына және мәңгілік өмірге ие болады.

Құдай сізге жар болсын!

Бірінші сабақ тапсырмалары!

1. Сізге арналған Құдайдың кермет сыйлығы бар екенін білесіз бе?
2. Неліктен адамдар бір-біріне сыйлықтар жасайды?
3. Сіздіңше, «рақымдылық» сөзі нені білдіреді?
Email
Рақымдылық. 1 бөлім pdf