Қиын-қыстау кездегі бір үмітіміз


kudai.kzКөкпен таласқан зәулім тау шыңдары мен ен даланың сұлулығы бүкіл әлемді жаратқан бір Құдайдың құдіреті мен ұлылығын есімізге салады. Біз Құдаймен қалай таныса аламыз? Киелі кітапта екі жол туралы жазылған: “Тар қақпадан кіріңдер! Себебі өлімге апаратын қақпа кең, жол да үлкен, сонымен жүретіндер көп. Ал өмірге апаратын қақпа тар, жол да тар, оны аз ғана кісі тауып барады”. Құдай бізді өмірге апаратын осы жолға түссе, сөйтіп Өзімен танысса дейді. Ал біз бүгінгі жағдайда және соңғы жылдары басымыздан талай қиындықты өткіздік. Киелі кітапта былай деп жазылған: “Соңғы заманда қиын кездер келеді. Өйткені адамдардың сын-сипаты былай болады: өзімшіл, дүниеқоңыз, мақтаншақ, менмен, қара ниет, ата-ананың тілін алмайтын, рахметі жоқ, қасиетті білмейді, сүйкімі жоқ, ымырасыз, қаралағыш, өзін-өзі ұстай алмайтын, мейірімсіз, жақсылыққа жаны қас, опасыз, көзсіз батыр, маңғаз, Құдайдан гөрі қызыққа бейім. Олар сырттай діндар болып жүреді, бірақ Құдаймен байланыстың құдіретін білмейді. Біз бүгін осындай қиын заманда өмір сүріп жатырмыз. Аталған ұятсыз нәрселердің біразын біз де істеп, ұятсыз ойларға берілген жоқпыз ба? Бір Құдай ғана қасиетті, барлық адамдар Құдайдан ажырап кеткен, оларды Құдайдан ажыратқан - адамның ұятсыз тілектері мен мінездері, бұлар Киелі кітапта күнә деп аталады. “Бәрі күнәға батып, Құдайдың өздеріне беретін ұлылығынан құралақан қалды”. Күнә жасаған кісі - күнәның құлы, сондықтан ол кейінгі кезде көп қиыншылықты басынан өткізеді. Рухани өлім деген не? Өзіміз бен қасиетті Құдайдың арасындағы терең тұңғиықты жою үшін, біз өз бетімізше әр түрлі нәрсені істеп көреміз. Біз былай ойлайтын болуымыз керек: жаман істерді аз істеп, көбірек жақсы істер істесем, Құдай маған риза болады. Ал енді көз алдыңызға елестетіп көріңізші: сізге бір стакан таза су ұсынды. Қонақ иесі оны сізге бермей тұрып, ішіне бір тамшы у салып жіберді. Сіз оны қайтарып бересіз ғой? Дәл осылай қасиетті Құдай да бізді қайтарып тастайды. Оның алдында әрбір жеке күнәның өзі ұят. “Күнәның төлемі - өлім”. Бұл жерде мәселе рухани өлім, демек Құдайдан ажырау. Егер біз осы күйімізде өлсек, біз Құдайдан мәңгілікке ажырап, қатты жазаланамыз. Рухани өлімнен құтқарылу үшін бізге Құдайдың біреу екендігіне сену жеткіліксіз. “Себебі жын-перілер де бұған сенеді және қорыққанынан дірілдеп жүреді”. Құдайдың біреу екеніне сенсе де, олар Құдайдан толық ажыраған. Құдай бізге сыйлағысы келген қуанышты өмір. Біз өзіміздің күнәміз бен Құдай алдындағы ұятымыздан жақсы істеріміз арқылы емес, Құдайдың рақымы арқылы құтқарыламыз. Құтқарылуға сеніп, оны қабылдаймыз. Бұл сенім өзіміздің қолымызда тұрған нәрсе емес, ол жүрегімізде Құдайдың әрекетімен пайда болады. Сондықтан Құдайға сенетін әркімнің Құдай алдында мақтанатындай себебі жоқ. Біз Иса Мәсіх бізге салып берген тар жолмен жүруіміз керек. Көп халықтардың мәдени дәстүрі бойынша, күнәға батқан адамдар құрбандыққа қой шалады. Енді құрбандыққа қой шалудың қажеті жоқ, себебі бұл дүниеге Иса Мәсіх келіп, қасиетті, күнәсыз өмір сүрді және өз өмірін қой құсап құрбандыққа қиды. Осылай Ол біздің күнәларымыз бен Құдай алдындағы ұятымызды өз мойнына алды. Мәсіх Иса адамзаттың күнәсы үшін біржола өлді. Ол Өзі еш күнәсыз еді, сонда да Ол біздің күнәмыз үшін қасиетті жанын қиды. Мәсіх Иса оны бізге Құдайға апаратын жолды салу үшін жасады. Ол біздің күнәларымызға бола аз уақытқа тіпті Құдайдан қол үзіп қалды. Алайда Құдай Мәсіх Исаны тірілтіп алды. Исаның өлуінің және Оның қанының төгілуінің нәтижесінде әр тайпа, әр тілді ел, әр ұлт және халық Құдай Патшалығына кіруге мүмкіндік алды. Иса былай деді: “Менің сөзімді тыңдап, Мені Жібергенге сенген кісі - мәңгілік өмірдің иесі. Ол қиямет сотына тартылмайды, қайта (рухани) өлімнен (нағыз) өмірге өтіп кеткен”. Қай жолды таңдайсыз? Сіз өлімге апаратын кең жолды таңдайсыз ба, әлде нағыз өмірге апаратын тар жолды таңдайсыз ба? Құдай сізді өте жақсы көретіні сондай, Ол сіздің күнәларыңыз бен ұятыңыз үшін өлсін деп, Иса Мәсіхті жіберді. Егер сіз өз аузыңызбен Исаны Ием деп танып, Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілтіп алғанына шын жүректен сенсеңіз, өзіңіздің Құдай алдындағы ұятыңыздан құтқарыласыз. Өйткені адамдар Оған көңілмен сеніп, Оны ауызбен таниды, бұның нәтижесі - құтқарылу. Киелі кітап бойынша, Иса - Құдай Патшалығына апаратын жол және шындық пен өмір. Құдайға, сүюші Әкеге, Онсыз ешкім бара алмайды. Сіз де Құдайға жүрегіңізден орын беріңіз. Өзіңіздің ұятты істерге апаратын кең жолыңыздан қайтып, Мәсіх Исаның тура жолына түсіңіз. Ол: “Ей, қиналып шаршап шалдыққандар, еңсесін ауыр жүк басқандар, бәрің де Маған келіңдер: Мен сендерді рахаттандырамын”, - деген. Үйге қонақ шақырғандай, Оны өз өміріңіздің төріне шақырыңыз, Оған ең құрметті жерден орын беріңіз. Егер сіз осыны істесеңіз, Ол сізге бүгінгі қиын-қыстау кезеңде сүйіспеншілік, жан тыныштық, қуаныш және мәңгілік өмір беруге уәде еткен.