Бала кезден Исамен таныспын

Егер менен біреу сұрап, «Құдайсыз да жақсы өмір сүруге болады ғой», десе, мен оған, «менің Құдайым - тірі Құдай, Ол менің әрбір дұғама жауап береді. Сондықтан да менің Құдайымның басқа пұттардан айырмашылығы осыда», дер едім...

Оның шексіз рақымдылығы...

Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы сіздерге жауа берсін, бауырластар! Мен өмірімде көрінген Тәңірдің рақымы туралы сіздермен бөліскім келеді. Менің есімім - Жарқынай. 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келдім. Отбасымызда сегіз ағайынды болдық. Әке-шешем қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарды.

Өмірімдегі Құдайдың рақымы

Менің есімім – Алмаз. Өз өмірімде болған ең маңызды оқиға жайында сіздермен бөліскім келеді. Мен 1981 жылы Өзбекстанда дүниеге келдім. Біздің отбасымыз үлкен еді, үйдегілердің ең кенжесі болдым. ..

Үмітім тек Құдайда

Менің есімім Сара. Киер киім, ішер тамақ дегенді ойламай, кең пейілді үлкен отбасында өстім. Біздер үшін еңбекпен келгенді ұқыпты ұстап, бір-бірімізбен тату болу сүйекке біткен қасиеттей көрінетін.

Жаратқанға ризашылығым шексіз!

Балалық шағым өте бақытты өтті. Есейгенде өзімді құдайшыл әрі иман жүздімін деп ойлайтынмын. Шындығына келгенде өмірім ондай адамға ұқсаған жоқ. Кішіпейілділік дегенді білмейтін нағыз қырсықтың өзі едім.

Мен қарапайым малшының отбасында өмірге келдім.

Мен қарапайым малшының отбасында өмірге келдім. Көп баланың ортаншысы және егіздің сыңарымын. Өз бетімше өмір сүрсем деген ниетпен он алты жасымда ауылдан қалаға қашып кеттім. Осылайша ата-анамның қамқорлығынан біржола қол үздім. Оқуымды қала жағалап жүріп, кәсіптік-техникалық училищеде жалғастырып, содан кейін әскер қатарына алындым. Еркіндікке әбден дәніккендігім соншалықты, ұшқан ұямда он күннен артық тұрақтаған емеспін.

Өзгерген өмір

Менің аты-жөнім Еркінбай 1970 жылы Шымкент облысы, Алғабас ауданы, Бөген совхозында дүниеге келдім. 1977 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1987 жылы 10 жылдық мектепті аяқтадым. 1988-1990 жылдары әскер қатарында қызмет еттім. 1990 жылы әскери борышымды аяқтап, туған жеріме оралдым. 1993 жылы отау құрдым. Жұбайымның есімі Нұргүл. Ол да өзіміздің ауданнан.

Ұлым! Жақсы адам болып өс!

Алты жасқа толған кезімде менің әкем қатты науқастанып, көп ұзамай қайтыс болды. Сол күн әлі есімде, үйге көп адамдар келіп, ары-бері кіріп шығып жүрген. Сол адамдардың бәрі менің әкеммен қоштасуға келгендігін мен кейіннен білдім. Әлі бала болғандықтан еш нәрсені аңғармай далада ойнап жүрген едім, кенеттен мені анам шақырып алып, үйге жүре ғой, сені әкең шақырып жатыр деді. Анаммен бірге еріп әкем жатқан бөлмеге кірдім. Әкем төсекте жатыр екен.

«бір Жаратқан Ие бар шығар» деген оймен өмір сүрдік...

Отан алдындағы әскери борышымды өтеп келгеннен кейін, Алматы қаласындағы «Сәулет-құрылыс институтына» түсіп, оны жақсы бітірдім. 1990 жылы сүйікті жарым Қарлығашпен таныстым. Екеуіміз бас қосып, шаңырақ көтердік. Басында бәрі жақсы өтіп жатты. Үлкен ұлымыз дүниеге келді. Біз «бір-бірімізді сүйіп қосылғанбыз, біріміздің жүгімізді екіншіміз көтерісеміз» деп ойлайтын едік.

Бала кезден еркін күреске ден қойдым...

Осының нәтижесі болар, мен осы жолда біраз жетістіктерге қол жеткіздім. Жастайымнан КМС (спорт шеберлігіне үміткер) атағын иемдендім. Бұл менің туыстарымның және жолдастарымның арасындағы беделімді одан сайын аспандатқандай болды. Уақыт өте келе қол жеткізген абырой-атағым мені тым өркөкірек етіп жіберді. Өмірдегі бар қиындықты білектің күшімен бағындырып алардай аласұрдым. Ақша керек пе, басқа керек пе, мен үшін түк емес сияқты болып көрінетін.

Мінажаттың күші орасан зор

Аты-жөнім Нұрымбетов Жайлыбай. Мен Алматы қаласының тұрғынымын. Алматыда Үй қауымда жетекші болып қызмет атқарамын. Құдайға шүкір, қазіргі таңда жұбайымыз екеуміз үш бала тәрбиелеп отырған жөніміз бар. Басыма түскен таудай тауқыметім мен өмірімнің сергелдең кезеңдерін және Құдай мені сол жағдайдан қалай алып шыққаны туралы сіздермен бөліскім келеді...