Жалғыз-ақ ем-дәрі
Жалғыз-ақ ем-дәрі
«Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй-ішің де құтқарыласыңдар!» (Елші.істері 16:31). «Иеміз Иса Мәсіхке сен» деу нені білдіреді? Мәселен, сіз науқастанып қалып, дәрігерді шақырттыңыз дейік. Ол сізді зер сала қарап шығып, сіздің жазылмайтын дертпен ауыратыныңызды айтады. «Бірақ, - дейді дәрігер, - бұл дерттен айығуға мүмкіндік бар». Сонда сіз дәрігерден жақсыны таба алмайтыныңызға сенесіз де, өзіңізге қойылған диагноздың дұрыстығына және жалғыз үміттің – дәрігер белгілеген дәрі-дәрмек екендігіне еш күмән келтірмейсіз. Бірақ дәріні ішу керек. Егер оны ішпесеңіз, нәтижесі біреу-ақ. Ол - өлім! Бізге Құдай ұсынатын құтқарумен де жағдай дәл солай. Киелі кітапта айтылғандардың ақиқаттығына күмәндануға болмайды. Егер Мәсіх әкелген құтқаруға қолымызды созбасақ, ақырында баратын жеріміз біреу-ақ – мәңгілік өлім (яғни, тозақ). Ал тозаққа бармау үшін Иеміз Иса Мәсіхті сеніммен қабылдау керек. Жазылмайтын дерт - күнәдан сізді тек жалғыз Сол ғана айықтырып жаза алады. Ауруханада бір егде тартқан адам: «Қатты науқастанып қалып, мені қабылдау бөлмесіне әкелгенде, бұрын өзім көрмеген бір дәрігер мені қарады. Оның өз ісін жітік білетіні бірден көрініп тұр еді. Мен оған сенім артып: «Менің емдеуші дәрігерім Сіз болыңызшы» деп өтіндім» деген әңгімесін айтқан-ды. Сол сияқты құтқаруды да біз дәл осылай қабылдаймыз. Ізгі хабарды естіп, Иеміз Исамен танысамыз да, Оған: «Сен менің Құтқарушым болшы!» – дейміз. Бізге бола өлуі үшін Құдай Өз рухани Ұлын жіберді. Басқа ешбір жан бізді мүлде құтқара да алмайды. Сеніңіздер Исаға, сеніңіздер дәл қазір, Құдай Ие сыйлады Оны баршаңызға. Құтқарылу тегін берілді, бірақ оны алу қажет.