Құдаймен сізде ортақ не бар?


kudai.kzЕгер сіз бір-бірімен таныс емес адамдардың әңгімесіне құлақ түрсеңіз, онда бір нәрсені байқайсыз: адамдар ұқсастықты іздейді. Ұшақта отырған екі бейтаныс адамды көз алдыңызға елестетіңізші. Олардың әңгімесі мынадай тақырыпта өрбиді: «Осы ұшақтар әбден шаршатты. Ұшқанды мүлдем ұнатпаймын!». «Мен де. Мен үнемі жұмыс бабымен ұшамын, бірақ осыған үйрене алмай-ақ қойдым». «Сіз Нью-Йоркке жұмыс бабымен бара жатырсыз ба?». «Жоқ, онда менің туыстарым тұрады. Мен қонаққа бара жатырмын». «Хм, қызық, менің де сонда туыстарым бар. Ал сіз Одессадансыз ба?». «Иә, мен Одессаданмын». «Мен де». Біз қарым-қатынас жасай бастағанымызда, ортақ тақырыпты іздей бастаймыз. Біз байланыстыратын тақырыпты іздейміз. Егер адамдар осы тақырыпты таппаса, «оларда сөйлесетін тақырып жоқ» немесе олар ауа-райы туралы әңгіме бастайды. Егер бір ортақ нәрсе болса, адаммен қарым-қатынас жеңіл болады. Адам ретінде біз ағаш немесе тастан гөрі, басқа адаммен ұқсастықты тез табамыз. Тағы бір ескертпе бар: бір-бірімізбен ұқсастықты көбірек тапқан сайын, соғұрлым біздің қатынасымыз жеңілірек құрылады. Біз өсімдіктермен қатынас жасай алмасақ та, жануарлармен тіл табыса аламыз (ең болмағанда, үй жануарларымен). Неліктен? Себебі жануарлардың адамға ұқсастығы өсімдіктерден көбірек. Екі субъектердің ұқсастығы көбейген сайын, олардың арасындағы қатынастың құрылу мүмкіндігі де соғұрлым көбірек. Мүмкін, осы феномен Киелі кітаптың бірінші кітабында көретін нәрсені түсіндіріп беретін шығар. Осыдан біз Құдай адамды «рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп» жаратқанын білеміз. Жер бетінде рухани жағынан Құдайға ұқсас етіп жаратылған адамнан басқа ешнәрсе жоқ. Құдайға рухани жағынан ұқсас етіп жаратылу дегеніміз не? Мүмкін, бұл Құдайдың Өзіне тән кейбір қасиеттерін адамға бергісі келетін жол шығар. Шындығында, біздің ойлау қабілетіміз, қорытынды шығаруымыз, сезім мүшелеріміз, әрекетіміз, қуанышымыз, қалжыңды түсінуіміз Құдайдыкінен өте аз. Құдай сияқты бізде де материалды емес жағымыз бар – бұл рухымыз. Әрі бізде ақыл-есіміз бар – «мен ойлаймын, яғни мен өмір сүрудемін». Құдай бізді Өзінің шексіз тұлғасының шектеулі түрі қылып жаратқан сияқты. Бұл Оның мақсатын көрсетеді: Ол бізбен қарым-қатынас жасағысы келеді. Осы туралы ойланыңызшы: сіз өзіңіздің ерекше қасиеттеріңізбен Құдайдың мінез-құлқы мен болмысының суреттемесі болып табыласыз. Әрбір адам ерекше жаратылғанына қарамастан, бәрі де рухани жағынан Құдайға ұқсас жаратылған. Адам ретінде біз Құдайға табына алатын жаратылыс ретінде жаратылғанымызды түсінуіміз керек. Осы туралы ойланыңыз. Ауылды жермен өтіп бара жатқаныңызда сіз діни жиналыс өткізіп жатқан сиырларды көріп пе едіңіз? Мұндайды еш жерде көре алмайсыз, себебі жануарлар Құдайға табынбайды. Адамзат тарихында, әлемнің барлық түкпірінде адамдар Құдайға табынған. Мүмкін, бұл біздің рухани жағынан Құдайға ұқсас жаратылғандығымыздан болар? Жан дүниеміздегі бір нәрсе өмірде рухани элементтердің бар екенін, әрі онда Құдайдың болуы керектігін біледі.