Өз Құдайыңды қалай таңдау керек?


kudai.kzМінсіз Құдайды ізденісімде мен өзімнің барлық талаптарыма сай келетін Құдайды таптым: бұл Киелі кітапта суреттелген Құдай. Осы Құдайда маған ұнағаны және неліктен Оны өмірімнің Құдайы деп таңдағанымды айтып берейін. Ол адамзаттан тыс жерде тұрады. Ол әлемнің Жаратушысы – әрдайым болған, бүкіл әлемді қолдап тұрған құдіреті күшті Құдай. Ол былай дейді: «Жалғыз Мен ғана шынайы Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ, Маған ұқсас ешкiм де болмайды!». Жеке дара танып-білуге болатын Құдай. Оның ұлылығына қарамастан, Оны танып-білуге болады. Оның сезімдері, ойлары мен мінез-құлқы бар. Менде Онымен, әкесінің баласымен қарым-қатынасы сияқты, байланыс бола алады — «Бiрақ Оны қабылдап, Оған сенiм артқандардың бәрiн Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты еттi». Ол шынымен де мені қамқорлайды. Ол мені рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратты, сондықтан мен Ол үшін өте құндымын. Ол мені қамқорлайтынын Өзінің керемет ісі арқылы көрсетті: Құдай тәни болмыста біздің арамызға келіп, өмір сүрді. Иса Мәсіх Өзінің100% Құдай екенін, әрі 100% адам екенін дәлелдеді. Ол аштықты сезінді, ұйықтады, жылады. Ол менің басымнан өтетін қиыншылықтардың барлығын Өз басынан өткізді. Сондықтан, «Ол бiзге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсiнбейтiн дiни қызметкер емес, қайта, өзiмiз сияқты әр түрлi сынақтан өтiп көрдi, бiрақ ешқашан күнә жасаған жоқ». Ол мені (барлығымызды) сондай жақсы түсіне алады, себебі ол жер бетінде кішіпейілділікке толы өмір сүрді. Ол кедей отбасында дүниеге келді, сыртқы келбеті ерекшеленбеді, отбасы мен достарының түсінбеушіліктерімен кездесті, орынсыз жазаланды. Мен қайда болмасам да, Киелі кітапта суреттелген Құдай әрдайым менің жанымда. Ол менің неден өтіп жатқанымды біледі, мені қамқорлайды. Ол Өзін адамдардың мәселелерінен аулақ ұстайтын тәкаппар Құдай емес. Барлығын бақылайтын Құдай. Ол барлық нәрсенің үстінен тәуелсіз билік жүргізеді. Бұл менің кез келген жағдайда Оған сенім арта алатынымды білдіреді. Сонымен қатар Құдайда адам өз еркімен қабылдайтын шешім ескерілетін мәңгілікке арналған жоспар бар. Ол бір кезде зұлымдықты, қайғы мен ауруды толығымен жоямын деп уәде береді. Менің өміріме мән-мағына, мақсат беретін Құдай. Ол былай деген: «Шынайы өмiр сыйлайтын «нан» Менмiн. Маған келгендер рухани нәрден тарықпай, сенгендер ешқашан шөлдемейтiн болады». Ол басқа еш нәрсе қанағаттандыра алмаған ішкі жан дүниемнің қалауын қанағаттандырды. Ал енді, Оның баласы болғандықтан, мен Оның әлемде істеп жатқан ісіне қатыса аламын; нақтырақ айтсам, адамдарға Ол туралы және Оның адамдарды білгісі келетіні туралы айтамын. Өзіміз ат салыса алатын жоспардан асқан жоспар жоқ, нәтижесінде адам өзін жаратқан Құдаймен мәңгілік қарым-қатынас орнатады. СІЗГЕ ҚАНДАЙ ҚҰДАЙ КЕРЕК? Өзіңізге қандай Құдайдың керектігін жақсылап ойланып шешерсіз деп үміттенемін. Бұл өте маңызды. Киелі кітапта суреттелген, сізді рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан, өміріңізге мән-мағына бере алатын, сізді қанағаттандыратын Құдайды білгіңіз келе ме? Исаның жер бетіне келуінің негізгі себебі – бұл біздің Құдайдан ажырауымыздың мәселесі. Біздің күнәларымыз біз бен Құдайдың арасында кедергі орнатады. Басқаша айтсақ, өзіміздің мінсіз еместігіміздің салдарынан біз Құдайға жақындай алмаймыз. Киелі кітап күнәның жемісі өлім дейді. Иса жер бетіне келіп, күнәларымыздың кешірілуі үшін бір мүмкіндік жасады: Ол біздің орнымызға құрбан болды. Ол - «Қараңдар, Мынау Құдайдың құрбандыққа жiберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсын Өз мойнына артып, сол үшiн жанын қияды». Құдай біздің күнәларымызды Иса Мәсіхтің мойнына артып, осындай ұлы істі жасады. Бұл Ол айқыш ағашқа шегеленгенде орын алды (жазаның көне заманғы түрі). Осы ұлы оқиға туралы Құдай былай дейді: «Барлығымыз адасқан қойлардай тентiреп, өз бетiмiзбен жүрдiк. Ал Жаратқан Ие бәрiмiздiң күнәларымызды Қызметшiсiнiң мойнына артты». «Өйткенi Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендiктен, Өзiнiң жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа бердi. Ендi Оған сенушi әркiм жаны тозаққа түспей, мәңгiлiк өмiрге ие болады». ӨМІРДІҢ ҚҰДАЙЫ Иса құрбан болып, осы арқылы бізге деген Құдайдың сүйіспеншілігін дәлелдегеннен кейін – Құдай Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтуі арқылы барлық нәрсенің үстінен билік жүргізе алатынын дәлелдеді. Осы жаңа өмірді Ол бүгінде бізге ұсынады. Ол былай дейді: «Мiне, Мен есiк алдына келiп, қағып тұрмын. Кiмде-кiм даусымды естiп, есiк ашса, Мен оның жан дүниесiне енiп, онымен бiрге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менiмен тығыз байланыста болады». Егер сіз осы Құдайды дәл қазір өміріңізге шақырғыңыз келсе, онда төменде сізге бағыт беретін дұға келтірілген (ең бастысы, бұл жүрегіңіздің шын қалауы): «Құдай Әке, мен өз күнәларымды мойындаймын. Менің күнәларымды Иса Мәсіх арқылы Өзіңе алғаның үшін алғыс айтамын. Сенің кешіріміңді алғым келеді, әрі Сенімен қарым-қатынаста болғым келеді. Менің Құтқарушым әрі Тәңірім болшы деп сұраймын, осы күннен бастап мәңгілікте менің Құдайым болшы, менің қандай адам болғанымды қаласаң, менен сондай адамды жасашы».