Құдай қайда?


kudai.kzҚұдай қайда? Құдайдың бар екенін дәлелдей аласыз ба? Әлдекім былай айта алады: «маған Құдайды көрсетіңізші» - бірақ, егер Құдай – көзге көрінбейтін, жасырынып тұрған болса ше? Қағаз бетінде екі адам тұр деп көз алдыңызға елестетіңізші. Осы адамдар – екі көлемді, олардың биіктігі мен ұзындығы бар, бірақ тереңдігі, көлемі жоқ, әрі қағаз – олардың шегі. Олар сізді көре ала ма? Жоқ. Олар тек қағаздағы нәрсені ғана көре алады. Оларда тереңдікті қабылдау сезімі жоқ. Ал енді қағаздың шетіне қолыңызды тигізіп жатырмын деп ойлаңыз. Ал енді олар сізді көре ала ма? Олар сізді толығымен көре алмайды, тек саусағыңыздың ұшын көре алады. Жасырынған Құдай Бұл біздің Құдаймен жағдайымызға ұқсас. Құдай біздің өлшемімізден тыс өмір сүреді. Ол біз білетін уақыт пен әлемнен тыс өмір сүре алады. Сондықтан бізге Оны «көру» қиын. Біз екі көлемді қағаздағы сол бір адамдар сияқтымыз. Біз үшінші өлшемдегі нәрселерді көре алмаймыз. Бірақ біздің жағдайымызда, біз төрт көлемді өлшемде өмір сүрудеміз (биіктік, ұзындық, тереңдік және уақыт), ал Құдай біздің әлемнен тыс жерде өмір сүруде. Олай болса, осындай Құдайды қалай танып-біле аламыз? Саусақтарыңызды тигізбейінше, қағаз бетіндегі адамдардың сізді біле алмағаны сияқты, Құдай бізге Өзін ашып бермейінше, біз де Оны танып-біле алмаймыз. Ол біздің әлемге «қолын тигізуі» керек. Ол біздің өз өлшеміміз бар әлемге келуі керек. Көзге көрінбейтін Құдайдың ашылуы Біз әлем тарихын оқығанымызда, әсіресе діни тарихты, Құдайдың бізідің әлемге қалай келгенінің мысалдарын таба аламыз ба? Құдай әлемге Иса Мәсіхтің бейнесінде келді. Иса Өзін Құдаймын деп жариялады (Жохан.8:58; 17:3), Өзін көрген – Құдайды көргенмен бірдей деді (Жохан.12:45;14:9), тек Құдай ғана істей алатын күнә кешірімін (Марқа.2:5) адамдарға беру үшін көктен жерге келген жалғыз жеке Тұлға Өзі екенін айтты (Жохан.3:13). Жаңа Келісімнен алынған басқа да көптеген үзінділер Исаның Құдайлық болмысы туралы айтады (Жохан.1:3-4, 18; Еврей.1:1-13; Қолос.1:15-20, 2:9; Філіпі.2:6). Ол адам тәнінде біздің арамызда өмір сүрген Құдай болды (Жохан.1:14). Ол «көзге көрінбейтін» Құдайдың бейнесі (Қолос.1:15). Құдай бізге Өзін ашып берді. Құдай не үшін осылай жасады екен? «Маған Құдайды көрсетіңізші» Тоғайдың жанындағы кішігірім үйде тұрған бір жалғызбасты қария туралы әңгіме бар. Үйінің жанында қора бар. Бірде қыстың аязды бір түні аяздан құтқарылғысы келген құстар оның үйінің терезелерін соққылайды. Сонда қария үйінен шығып, қорасының есігін ашады. Қораның іші жылы еді. Ол қолдарын бұлғап, айқайлап, құстарды қораға кіруге шақырады. Бірақ құстар оны түсінбейді. Сол сәтте қария сол құстардың біріне айналғысы келеді. Егер ол құс болған болса, ол басқа құстарды қораға кіргізе алушы еді. Қария құсқа айнала алмады, бірақ Құдай адамға айнала алды. Әрі Ол дәл осылай істеді. «Өйткенi Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендiктен, Өзiнiң жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа бердi. Ендi Оған сенушi әркiм жаны тозаққа түспей, мәңгiлiк өмiрге ие болады» (Жохан.3:16). Жаратушының бар екендігінің дәлелі: «Рашмор тауының» мысалы. Неліктен әлем жаратылысы туралы аңыз – шын мәнінде аңыз емес? Құдайдың және дана Жаратушының бар екендігінің дәлелі. Біздер, адамдар, қарапайым нәрсені қиындататын сияқты көрінеміз. Мысал ретінде Рашмор тауының суретіне қараңыз. Енді өзіңізден сұраңыз, осы суреттің тау бетінде пайда болуына қанша жыл қажет болған болар еді? Миллиондаған жыл ма? Мүмкін, жүз триллион жыл шығар? Сіз «жоқ» дейсіз бе? Осыншама көптеген жыл аралығында осы бейнелер неліктен пайда бола алмады? Әлде БІЗдер осылай пайда болған жоқпыз ба? Миллиардтаған кездейсоқ жағдайлар мен біртіндеп болған өзгерістерден кейін біз бүгінгі күнгі түріміз бен бейнемізге қол жеткізген жоқпыз ба? Осы теорияға сенуді үйреткен жоқ па? Рашмор тауы Жаратушының арқасында осы жерде пайда болғандығын біз қайдан білеміз? Келіңіздер, тауға оралайық. Осы бейнелерді жасау үшін шебер суретшілер мен мүсіншілердің еңбектенгенін білеміз. Осы сияқты нәрселер кездейсоқ пайда бола ала ма? Егер жер ғалымдар айтқандай өте ескі болған болса, онда осы әлемдегі таулар да өте көне. Алайда, жер бетінде қиын әрі танымал бейнелер пайда болған таулар бар ма? Рашмор тауындағы бейнелер сияқты бейнелер Мак Кинли тауында бар ма? Мүмкін, Маттерхорн тауында табиғат құбылысының, уақыт пен кездейсоқ жағдайдың салдарынан пайда болған жирафтың бейнесі бар ма? Сіз, мүмкін, былай ойларсыз: «Неткен сандырақ. Маттерхорн тауында жирафтың бейнесі қалайша кездейсоқ пайда бола алады?». Иә, бұл шындығында да сандырақ. Қолдан жасалған нәрселерді кездейсоқ пайда болды деп санау ақымақтық. Рашмор тауындағы іс: аңыз емес, қайта ақыл-есі бар жаратушы Біз Рашмор тауына қарағанымызда, бейнелердің пайда болуы үшін ақыл-естің қолданылғанын білеміз. Осы бейнелер тауда пайда болғанға дейін, ұзақ уақыт бойына желдің, жаңбырдың, уақыт пен эрозияның «құрбандығы» болған. Нәтижесі ше? Ешбір бейне пайда болған жоқ. Сосын тау бетінде бейнелер қашалып салынды. Дәл осы кезде кездейсоқтың соңы келді..., бұл ақыл-есі бар жаратушының арқасында орын алды. Ал енді сонда салынған бейнелерге назар аударыңызшы: Вашингтон, Джефферсон, Рузвельт, Линкольн. Өмірдегі адамдар тау бетіндегі бейнелерден гөрі қиынырақ болған ба? Әрине, қиынырақ болған. Джорж Вашингтон АҚШ президенті болған. Авраам Линкольн Геттисбергте сөз сөйлеген. Оның тау бетіндегі сыңары сол нәрсені істей ала ма? Джефферсонның тас бейнесі Тәуелсіздік Декларациясын жаза ала ма? Адамдар өздерінің көшірмелерінен де қиынырақ екендігі айдан анық. Сіздің пайда болуыңыз: аңыз емес, қайта Құдайдың жаратылысы Сонымен, егер мыңдаған жылдар өтсе де, Рашмор тауында мүсіндер кездейсоқ пайда бола алмаса, онда қанша уақыт кетпесе де, адамдар өздігінен кездейсоқ пайда бола алмайды деп санау ақылға сиярлық емес пе? Сіз ше? «Рашмор тауының» ақыл-есі бар жаратушының бар екендігі туралы дәлелін өзіңізге қолданыңыз. Сіз – тауда қашалып жасалынған бейнелерден де қиынсыз ба? Кездейсоқ пайда болдым деп ойлайсыз ба? Сіз – көшірмесі ешқашан да болмайтын адамсыз. Қандай суретші адам сияқты таңғажайып нәрсені жарата алады? Осындай суретші кездейсоқтық болуы мүмкін бе? Қателеспеңіз.

Туындыгер: www.studentstan.com