Егер Құдайды қабылдамасам, бірақ Құдайдан бас тартпасам не болады?


kudai.kz

Сұрақ: «Егер Құдайды қабылдамасам, бірақ Құдайдан бас та тартпасам не болады? Егер Құдай жоқ деп айтпасам, бірақ бар екендігін де мойындамасам не болады?».

Жауыбымыз: Барлығы сіздің не нәрсеге сенетініңізге байланысты. Басқаша айтсақ, бір күні Құдай алдында тұрасыз да, былай дейсіз: «Мен Сенің бар екеніңді ешқашан да білген жоқпын ғой!». Сонда Құдай сізге былай жауап береді: «Жоқ, сен білдің! Бұл дәл солай! Жан дүниеңнің түкпірінде сен Менің бар екенімді білдің. Мен бұған сенімдімін, себебі мұны сенің жүрегіңе Өзім салып қойғанмын. Алайда, сен Мені білгің келмеді, сондықтан Менің бар екенімді жоққа шығардың. Мен саған берген білімді ескермедің, бірақ сенде сол білім болды!». Өзімізде бар білімге жауапкершілікті екеніміз еш күмәнсыз.

Бірақ мәселенің басы біздің не білетінімізде. Құдай біздің жүрегімізге қанша ақпарат салды? Олар қанша болмасын, біз жауапсыз тұра алмаймыз. Білуді қаламаған нәрселерді білуіміз әбден мүмкін. Киелі Жазбада адам жүрегі алдамшы делінген (Еремия 17:9). Сіздің сұрағыңызды өзгертіп, басқаша қоюға болады: «Ал егер мен бейтарап қалып, ешқашан да шешім қабылдамасам ше?». Егер жүрегіңізге енгізілген ақпарат болмағанда, мұны істеуге болушы еді. Киелі Жазбада бүкіл жаратылыс Құдайдың бар екені туралы куәлік береді делінген; сондықтан біздің әрқайсымыз Құдайдың бар екендігі туралы түсінігімізге жауаптымыз. Римдіктерге арналған хат 1:20-аятта былай делінген: «Өйткенi Тәңiрдiң көзге көрiнбейтiн қасиеттерi - Оның мәңгiлiк құдiретi мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан берi айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерiнен байқап, түсiнуге болады.

Сондықтан адамдар Құдайды бiле алмадық деп сылтаурата алмайды». Сондықтан ақталудың орны жоқ! Егер осы ақпараттардың артында маңызды бір нәрсе жатса ше? Көптеген адамдар жүректеріне Құдайдың кіргісі келгендей бірнеше рет «қаққанын» сезінгендерін айтады. Егер осы шынайы болса (ал Құдай дәл біледі), онда шешім қабылдаудан бас тарту Құдайдан бас тарту дегенді білдіреді. Егер Ол біздің өмірімізге кіргісі келсе, бейтарап күйде қалу мүмкін болмайды! Иса Мәсіхтің жеке тұлғасы туралы да ұмытпау керек! Ол Өзін Құдай деп жариялады, көптеген ғажап істерді жасады, біздің күнәларымыз үшін құрбан болды, өлімнен қайта тірілді, сондай-ақ біз Оның өмірі туралы біле алуымыз үшін Жазбаны қалдырды. Ол былай деген: «Кiм Менiмен бiрге болмаса, сол Маған қарсы; кiм Менiмен бiрге жинамаса, сол шашады».

Исамен бірге бейтарап қалу мүмкін емес! Ол бізге таңдау қалдырмады! Тағы мына нәрсе туралы ойланыңыз: өмірімізде қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі – біз Құдаймен бірге болғымыз келе ме, әлде Құдайсыз өмір сүргіміз келе ме? Егер осы шешім шынымен де ең маңызды болса, біз одан қашып құтыла алмаймыз. Басқа сөзбен айтсақ, егер біз Құдайға «иә» деп айтпасақ, бұл біздің жауабымыздың «жоқ» екенін білдіреді.