Құдайды іздеу Құдайды іздеу

Қайғы-қасірет пен аурулардың мән-мағынасы


kudai.kzБұл тақырып ауыр өмірлік сынақтарды: бақытсыздық, ауруға шалдығу, кәріліктің уайымы немесе жалғыз бастылық, қасірет шегу немесе сәтсіздікке ұшырау, күйзеліс немесе басқа да өмірлік қақтығыстарды бастарынан кешіріп жатқан адамдарға арналған. Біздің өміріміз бір кезде өзіміз жоғалтып алған Құдайға ұқсастыққа қайтадан қол жеткізуі тиіс. Ал бұған қасірет шекпей қол жеткізуге болмайды. Қолында осыған қажетті мөрі бар шебер - тірі Құдай. Басына түскен қасіреттің мән-мағынасына түсінбеген адамға қасірет шегу өте қиынға түседі, тіптен мүмкін емес секілді болып көрінеді. Екінші жағынан, адам егер өзінің ұмтылысының бекер емес екенін білсе, өте көп қиындықтарды көтере алады, және сол арқылы жарқын мақсатына қарай ұмтылысын жалғастыра береді. Өмір мақсаты туралы жалпылама, ал қайғы-қасіреттің мән-мақсаты туралы нақты түрде сұрайтын адам өзі сондай қайғы-қасіретті басынан кешірген адамға тезірек құлақ салады. 12жастан кейін адам баласының жүрегінде «Мен не үшін өмір сүремін?» деген терең ойлы сұрақ пайда болады. Мына сан жетпес тірі жан иелеріне толған түрлі-түсті дүние қайдан пайда болды? Өлгеннен кейін қабірге қоятын адамның денесімен не болады; әсіресе көзге көрінбейтін адам жанымен не болады? Адам не үшін жұмыс жасайды? Не нәрсенің мәңгілік мән-мағынасы бар: табиғат заңдылығы ма немесе мысыр пирамидасы секілді мыңдаған жылдар бойы тұрған құрылыстар ма? Неліктен аурулар мен ауыртпашылықтар, мұқтаждықтар мен қайғы-қасіреттер, қорқыныштар мен торығушылықтар, азаптар мен қайғы-мұңдар көп? Бұл сұрақтарға қанағаттанарлық жауап табу үшін, адамдар өздеріне кеңес бере алады-ау деген адамдар мен кітаптарды іздейді. Бұл сұрақтар мамандық, үй мәселесі, саясат, спорт, техника, байлық, өнер және дүние құмарлық секілді күнделікті күйбең тіршілікке қатысты сұрақтардан гөрі неліктен биігірек тұратыны түсінікті де. Адам өмірдің мәнін әр түрлі тәнқұмарлықтардан немесе тек махаббат пен некеден, отбасы мен ұрпақ жалғастырудан, жақсы мамандыққа ие болу мен еңбекте табысқа жетуден, дүниежүзілік ағарту ісінен немесе адамгершілік қарым-қатынастан, немесе тіпті мәсіхшіліктің бет пердесін жамылған жалған діндарлықтан табуға болады деген бұ дүниелік қөзқарасқа тым қатаң сын көзбен қарайды. Жалпы, менің өмірімнің қандай да бір маңызы бар ма деген сауал – Құдайдың бар екендігін дәлелдейтін сұрақ болып табылады. Мен Құдайға сене бастағаннан, жеке басымның тоғышар өмірі ғана емес, сонымен қатар бүкіл адамзаттың өмірі, тіпті өсімдіктер мен жануарлардың да өмірі, ақырында атомдар мен молекулалардан тұратын әрбір жаратылыстың өмірі, химиялық заттар мен физикалық денелердің таулар мен жазықтардың, материктер мен мұхиттардың, жұлдыздар мен планеталардың мән-мағынасы бар дегенге сене бастайтын боламын. Өмірдің мән-мағынасын таба алатын Құдай Әкеміздің үйіне апаратын тар жолмен өмірдің жалған қызықтарын беруге уәде ететін, бірақ ақырында Құдайсыз өмірге әкелетін, сөйтіп аяққы мақсаты өмір соңында ғана ашылатын кең жолдың арасында таңдау жолы бар. Кім тар жолды таңдап алса, сол өз ар-ұжданының дауысын тыңдағаны, өйткені сол арқылы тірі Құдай бізбен сөйлеседі. Адам Құдай алдында кінәлі екенін көп кешікпей түсінеді, бірақ өз кінәсы үшін өзі құн төлей алмайды. Сондықтан ол қорғаушыны іздейді де, оны Иса Мәсіхте табады. Мәсіхте ол өзіне қорған табады, өмірін Оған сеніп тапсырып, Оның меншігіне өтеді. Сол сәттен бастап өмірі өзгеріп, Құдайдың әрбір жаратылысына деген көзқарасы мүлдем жаңарады. Тәубеге келген адам Құдаймен шынайы қарым-қатынасқа түседі, осылайша рухани өсіп, күннен-күнге бойынан Құдайдың қасиеттері көріне бастайды. Кішкентай ғана бидайдың тұқымынан бидай масағы, кішкене емен жаңғағынан зәулім емен ағашы өсіп шығатындай, жылдар өткен сайын, Құдаймен жарасқан адамның да Құдай Әкеге ұқсас қасиеттері өсіп жетіле бастайды. Бірақ та адамның ішкі дүниесіндегі жаңа болмысы мен бұрынғы ескі болмысының арасындағы шиеленіс пен күрес тәубеге келген күннен бастап соңғы дем шыққанша жалғаса береді. Күрестің түпкі мақсаты – Құдайға ұқсау. Адам өмірінің бірден бір мән-мағынасы осы мақсатқа қарай жүру болып табылады. Біздің уайым да, ауру да, азап та, мұқтаждық та абыржытпауы тиіс. Қайта Құдайдың қатысымен Оның Өзіне ұқсаумызға түрткі болады. Біздің кемелдікке қарай алып баратын ең жылдам «сәйгүлік» - уайым-қайғы. Ауру мен азаптар – бұл Құдайдың жауабы Азаптар арқылы Құдай бізбен ерекше сөйлсекісі келеді. Құдайдың осылайша тіл қатқанын дұрыс түсінген адам бақытты. Дүниедегі Құдай орнатқан тәртіп бойынша аурудың мағынасы қарапайым адамның ойлағанынан басқаша болады, өйткені осы дүниенің барлық мағыналы нәрселері құрбандық жолымен өтеді. Сонымен қатар, ата-аналардың балалары, кейбір басшылардың қол астындағы адамдарды, сан жетпес жауынгерлердің өз отаны үшін әкелген құрбандықтары туралы естен шығармау қажет. Әдетте, ауруды жаза деп қарауға болмайды, бұл - тек жоғарғы мақсатқа, өзін-өзі сүйюшіліктен, құмарлықтан, мансапқа және бедел билікке ұмтылудан арылуға апаратын жол. Ауру адамдар көзге көрінетін және көрінбейтін дүниеге, адам Құдайды тек Одан рахат өмірдің сыйын алу үшін ғана жақсы көрмейтінін дәлелдейді. Денсаулығын не болмаса өмірлік бағытын бірінші орынға қоймай, азаптарға тілалғыштықпен мойынсұнған кезде ғана Құдайды жақсы көре бастаған адамдар барлық кездерде болды. Өзіңді сау адамдармен салыстырма, қайта сенен көбірек азап тартқан адаммен салыстыр және оларға мүмкіндігінше көмектесуге тырыс. Жас кезінде Мағрипа ауыр науқасқа шалдықты; оның екі аяғы семіп, оң қолы әлсіз болып қалды. Содан ол тігіншілікті үйреніп, жеке жұмыс істеуге кіріседі. Көп кешікпей Мағрипаның бес саусағынан өнер тамған әрі тапқыр адам екені байқалды. Ол матадан ойыншықтар тіге бастады. Жылдар өте оның жасаған ойыншықтары көпке танымал болып, оларды көптеп жасау үшін үлкен фабрика ашу керек болды. Фабриканың бастығы болған Мағрипа мүгедектерге арналған арбамен жүріп жүрді. Өзіне тым қиынға соққанымен, ол 18 жасында Құдай алдында азапқа мойынсұнды. Тірі сенім оның жұмыс істеуіне керкті күш беретін қайнар көз болды. Ол көптеген адамдарға қуаныш әкеле алды; кім біледі, егер осы азаптар болмаса, оның өмірі Құдайдың батасына соншалықты толар ма еді? Азаптар кезінде, Құдай мұнымен не айтқысы келеді, Оның маған деген жолдамасы қандай, Ол маған қандай дәрісті ұсынғысы келеді деген сұрақтарды қойыңыз. Сонда сізге олармен келісуге қаншалықты қиын болғанына қарамастан, көрген азаптарыңыз бекер болмайды. Құдай өзіне көтере алмастай қиындықтарды жіберді деп немесе тым көп нәрсені алып қояды деп ойлайды кейде адам. Дегенмен Құдайдың аларынан гөрі, берері көп. Елші Пауыл секілді әрекет жаса! Ол жиі Құдайдан Өз тәніндегңі «шаншылып түйрелу азабын» алып тастауды сұрап сиынатын еді. Бірақ ақыр аяғында ол Құдайдың: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады», - деген жолдауын қабылалды (2Қор. 12:9). Құдай даналығымен, құдіретімен және сүйіспеншілігімен сенің азаптарыңның үстінен бақылап тұр. Біздің жер бетіндегі қысқа өміріміздің азаптары Мәңгілікпен салыстырғанда тым аз. Осы азап мектебінде сен басқа ешбір жерде ала алмайтын сабақтар алып, кемелдене аласың. Бұл дүние денсаулықтың немесе буырқанған жастықтың күшімен емес, азаптар арқылы құтқарылды. Тұқым шіріп, өлім қараңғылығынан өтуі керек, сонда ол жаңа өмірге енеді. Мәселе бақытты болуда емес, басқаларды бақытты етуде. Мәселе сүйікті болуда емес, басқаларды сүйіп, оларға бата болуда. Мәселе рахаттануда емес, бөлісуде. Мәселе Құдай біздің еркімізді орындауында емес, біз Оның еркін орындауымызда. Мәселе ұзақ өмір сүруде емес, өміріміздің маңызды болуында. Мәселе адамдар біз туралы не ойлағанында емес, біз Құдай алдында қандай болғанымызда. Мәселе біз жақсылықты білгенімізде емес, осы білімімізді іске асыруымызда. Мәселе біз азап шегуден қашуымызда емес, осы азаптар біз арқылы өз мақсатына жетуінде. Мәселе біздің қашан өлетінімізде емес, біздің Құдаймен кездесуге дайындығымызда. Ауру мен ауыртпашылық, азаптар мен уайым-қайғылар Құдай шеберханасында ерекше орын алады. Құдайдың жетекшілігіне қарсы наразылық және оны жеңу. Егер басымнан ерекше қиындықтар, аурулар азаптар өтпегенде және сол азаптарда толықтай Құдайға тәуелді болмағанда, ешқашан Құдайдың осындай жақындығын сезінбеген болар едім деп мойындайтын көптеген адамдар бар. Әрине, біздің адами болмысымыз ауруларға, азаптар мен қайғы-қасіреттерге қарсы жан сала күреседі. Жер бетіндегі адамдарға тән Құдайға қарсы наразылық оның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі бұзылғанда, мамандықта жолы болмағанда, өмірдің рахатын көре алмағанда өте қатты білінеді. Кейде наразылық үміт үзілумен білдіріледі. Мұндай жағдайда бұл қос апат болып табылады: біріншісі – жер бетінде ие болып отырған бақыттың ойран болуы, екіншісі, одан да жаманы – Құдай даналығы мен сүйіспеншілігінің арқасында қол жеткізуге болатын рухани кемелдіктен қашу. Осы туралы Паул былай дейді: «Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз, әрі мәңгілік ұлылыққа жеткізеді. Сонымен көзге көрінетін емес көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз, өйткені қазір көрініп тұрғандар уақытша, ал көрінбейтіндер – мәңгілік» (2Қор. 4:17,18). Кемелдендіретін және тәрбиелейтін азаптар. Әрбір асыл тасты бөтен қоспалардан тазалау керек. Егер асыл тастарды өңдегеннен кейін бөтен бір қоспалардың іздері қалса, онда оларды құнды деп санауға болмайды. Асыл күмісті асыл емес қроғасыннан бөлген кезде, қорытатын кесекті тек таза күмістің өзі ғана қалғанша қыздыру қажет. Қиямет соты күні Құдай балалары кемелді болуы үшін, олар бұ дүниедегі өмірде осындай тәсіл арқылы тазартылуы тиіс (Дан. 12:10). Біздің сеніміміз шынайы ма, жоқ па, соны сынау үшін берілетін азаптар. Көпірді пайдаланудың алдында оны салмақпен сынап көреді. Сондай сынақ сенушілермен де болады. Әйүптің Құдайға адал болуы оңай, себебі оның мұқтаждығы жоқ деп айыптаған әзәзіл-шайтан (Әйүп 1:9-11). Адамдар Құдайды өздерінің қалауларын орындаған кезде ғана жақсы көреді деп айтады шайтан.Сондықтан біздің сенімімізді сынау үшін берілген азап кері жағдайды көрсетуі тиіс. Олар жаудың үнін өшіруге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, бұл Құдай ұйғарғаннан бір минут та ұзақ созылмайды. Бізді сақтау үшін берілетін азаптар. Біздің өн бойымызға тәкаппарлық терең сіңіп қалғандықтан, бізге берілген дарындарды Құдайдың даңқын емес, өзіміздің даңқымызды асыру үшін қолданамыз. Адам өнердегі талантын, есте жақсы сақтау дарынын, ақындығын, шеберлігін, лауазымын, жетістіктерін, тіпті сену дарынын өзінің рухани жетілгендігі ретінде мақтаныш етді. Пауыл елші ерекше аян алып: «Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды», - деді. Құдай біздің Оған тәуелді екенімізді ұмытпай, мойынсұнушылықта болуымыз үшін, кейде бізге қиындықтар жібереді. Құдайды даңтау үшін жіберілген азаптар. Шәкірттер Исадан бір соқыр болып туған адам туралы: «Мынаның өз күнәсі болды ма, әлде ата-анасынікі ме?» - деп сұрады, Иса: «Оған өзінің де ата-анасының да күнәсі себеп болған жоқ. Қайта оның өмірінен Құдайдың құдіретті ісі көрінбек!» -деп жауап берді (Жохан 9:3). Егер ешқандай азап шегулер мен аурулар болмаса, сенушінің көптеген сүйіспеншілікті істері жасалмас еді. Егер біз қайғы-қасірет шеккенде «неге?» деген сұрақты «не үшін?» деген сұрақпен алмастыра алсақ, онда көп нәрсеге қол жеткізгеніміз. Иса үшін берілген азаптар ерекше азаптар болып табылады. «Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз» (Рим. 8:17), «Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келтіндердің бәрі де қуғындалатын болады» (2Тім. 3:12), «Ол сендерге рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгіледі» (Філіп 1:29). Мұқтаждық – үйрету шебері. Тірі Құдайдың шынымен бар екендігі мен құдіреттілігі туралы, қиыншылықты Құдайдан деп қабылдай алған адам ғана куәлік ете алады. Мұқтаждық бізді сиынуға үйретеді, өз күшімізге сенуге болмайтынын көрсетеді, бір нәрседен бас тартуға батылдық береді; ол бізді Құдайдың даналығын терең түсінуге жетелейді, сонымен қатар осы дүниенің түкке тұрғысыз заттарынан жоғары қояды. Ол бізді жердегі уақытша өмір мен мәңгі өмірдің айырмашылығын дұрыс көруге және естуге, құндылықтарға тәни емес, рухани көзқараспен дұрыс қарауға үйретеді. Кімде-кім науқас пен ауыртпалықтарда, азап пен уайымдарда Құдайды мадақтауға қабілетті болса, сол жер бетіндегі жетістіктерден әлдеқайда маңызды жеңіске ие болады. Құдай әділеттігі Құдай – ең биік Тұлға. Киелі жазбаның ең алғашқы бетінде Құдай аспан мен жерді жаратқан деп жазылған. Киелі Жазбаның бірінші тарауында Құдайдың жаратылысы белгілі бір мақсат пен жоспар бойынша жаратылғанын көреміз. Адам тұлға ретінде Құдайға ұқсас етіп жаратылған. Құдай құдыреті бүкіл биліктер мен күштерден жоғары. Оның бәрін білетіндігі адамның даналығынан әлдеқайда биік. Ол бүкіл ғаламды, барлық уақытты Өзімен толтырып тұр. Мәңгілік Құдай мәңгі-бақи әрекет ете береді. Осы дүниенің Нұры ретінде Ол түнектен жоғары. Ол Рух болғандықтан, көзге көрініп тұрған дүниеге тәуелді емес. Оның әділ соты әділетсіздік жойылғанша жүріп тұрады, тіпті бұған мәңгіліктің өзі қажет болса да Құдай - сүйіспеншілік. Сондықтан Ол адами сүйіспеншіліктен аспан жерден қаншалықты қашық болса, соншалықты биік. Құдай Өз болмысында екі жақты қасиетті біріктірген: 1. Барлық жаратылысты Әкелік сүйіспеншілікпен сүйіп, рақымын көрсетеді. 2. Ең жоғарғы ұлылықтың, бүкіл бедел мен биліктің Иесі. Біз Оны қастерлеуге тиіспіз. Кейде: «Егер әділетті Құдай бар болса, онда мұндай сұмдық нәрселер болмас еді» - деген сөздерді естиміз. Солай ойлайтын адам Құдайды білмейді. Ол Құдай алдында мәңгілік тұрғанын, Құдайдың әділдігі ақырына дейін болатынын және өз мақсатына жететінін ұмытады. Құдай Ұлы – Иса Мәсіх құрбандық жолымен жүрді. Иса Мәсіхтің адам болғанының Өзі Оның құрбандық болуға дайын екенін көрсетеді. Оның жолы аспандағы Әкесінің үйінен біздің күйбең тіршілікпен күнелткен дүниеге, жарықтан түнекке, өмірден өлім дүниесіне алып келді. Оның жолы Оны өз адамдары, тіпті Өзінің аспандағы Әкесі жалғыз қалдырып кеткен Ғолғота айқыш ағашында аяқталды. Бірақ дәл сол сәт дүниеге құтқарылу мен күнәның құлдығынан құтылуды алып келді: «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады» (Жохан 3:16). Иса Мәсіх біздің күнәларымыз үшін Ғолғотада азап шегіп, өлімге барумен құрбандықтардың құрбандығын берді. Бүкіл дүниенің құтқарылуы мықты денсаулық және жастықтың буырқанған күшімен жүзеге асқан жоқ, қайта Құдай Ұлы – Иса Мәсіхтің Өз еркімен құрбан болғандығы арқылы жүзеге асты (1Петір 1:18; 1Жохан 1:7; Евр. 9:13; Аян 1:5). Адамдардың осы жағынан да өзіне ұқсауға мүмкіндіктері болу үшін, Иса оларға азаптың тек сарқындысын ғана қалдырды (Қол. 1:24). Рухани саулық тәни саулықтан гөрі маңыздырақ. Достық қалып, жүрек жылылығы, шынайы сүіспеншілік пен қуаныш Киелі Рух беретін құнды дарындар болып табылып, Құдайдың Әкелік мейіріміне деген толықтай сенімнен, күнәларымыздың кешірілгенін түсінгендігімізден және Әкеміздің үйінде мәңгілік отанға ие боламыз деген тірі үміттен туындайды. Біздің өміріміз мектеп сияқты. Бұл мектепте өткен сабақтардан тәлім алып, мақсатына жеткенде ғана келесі сыныпқа көшіріледі. Азапты бастан өткізу де солай. Біз Ыбырайым, Жақып, Жүніс, Мұса пайғамбарлардың өмірлерін қарастырсақ, олар да сынақ жолында төзімділікпен жүріп, сенімдерін жоғалтпады. Иса Мәсіх дүниеге Құдайдың жарығы болып келді. Бір әнұранда мынандай сөздер бар: «Көктегі Әке, қандайсың? Жарқырап жанған шамдайсың. Үзілген үміт жіптерін, Айқыш ағашпен жалғайсың. Көктегі Әке, қандайсын? Қиялға қанат жалғайсың. Батып кетсем де құрдымға, Іздеуден мені талмайсын». Құдай Әке Өз Ұлын аспан әлемінен жерге жіберді. Құдай Ұлы – Иса біздің түнек қаптаған дүниемізге жарық ретінде; біздің өлім жайлаған дүниеге өмір ретінде; біздің қатыгездік жайлаған дүниемізге киелі сүйіспеншілік ретінде келді. Құдайдың өкілетті әскербасы ретінде Ол Құдай сүйіспеншілігінің хабарын, сондай-ақ Оны қабылдамағандарды күтіп тұрған қиямет соты жайлы жариялады. Иса өлгеннен кейін шіріп кететін қарапайым адам болған жоқ. Мыңдаған жылдар бұрын Ишая пайғамбар былай деген: «Алайда Ол біздің дәрменсіздігімізді өз мойнына алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді; ал біз Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық. Алайда Ол біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің заңсыздықтарымыз үшін азаптанды: Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкеледі, сөйтіп Оның жаралары арқылы біз сауықтық» (53:4-5). Оның өлімі қарапайым адамның өлімінен әлдеқайда мәнді болды. Діни қызметші ретінде, Ол өз істеріміз үшін өлімге лайықты болған біздерге араша түсті. Патша ретінде, Ол дүниеге билік жүргізуге болашақта күнәһар дүниені соттау үшін қайтып келеді. Пайғамбар ретінде, Ол өзінің екінші келуінің белгілерін сипаттап берді. Қымбатты оқырман, егер сіз де осы өмірден түңіліп, тығырықтан шығар жол таппай, азап жолында жүрсеңіз, адам өмірінің өзекті мәселесі болып табылатын күнәға және кешірімге деген ойниеттеріңізді қайтадан тексеріп алыңыз. Жүрегіңізді Исаға ашыңыз, сонда Оның уәделеріне, кешіріміне ие болдым деп нық сеніп, ауру мен азапқа Құдайдың көзқарасымен қарайтын боласыз. Жан күйзелісі кезінде дұға: «Қайырымды Құдай және Құтқарушы! Менің қолымнан еш нәрсе келмейтінін, дәрменсіз, үмітсіз екенімді еөріп тұрсың. Менің жаным күйзеліп, қараңғылықта тұр. Әр кезде сенгім, үміттенгім, сүйгім келеді, бірақ ондай нәрсе қолымнан келмейді! Қазір мен қиын жағдайдамын, қалай сиыну керек екенін де білмеймін. О, Тәңірім, менің бойымнан қараңғылықты алып тастай гөр! Әлемді жаратқан кезде, Сен жарыққа өмір беріп, қараңғыға нұр түсірттің, сол сияқты менің де жүрегіме Өзіңнің сәулеңді түсіре гөр. Сол арқылы мен Сенің жүзіңді көре алатын болайын! Мені азғырылу жолына түсуден сақтай гөр! Өтініштеріммен алдыңа қайта-қайта келсем де, әрқашан мені қабылдайтының үшін рахмет! Сен адамдардың жүрегін білесің, Сені қалай аңсайтыным да Өзіңе белгілі: мен Сенің жарқыраған нұрыңа, терең тыныштығыңа және толық құтқаруыңа зәрумін. Маған рақым ете гөр. Аяғыңа жығылған балаңа тыныштық сыйлай гөр. Мен Саған жас баладай сенгім келеді. Аумин».