Не үшін? Неге? Неліктен?


kudai.kzДін қызметкері кезекті лекцияларының бірін аяқтағанда ашу кернеген бір студент оған келіп былай дейді. «Егер Құдай бар болатын болса, сіз Киелі кітаптан айтқандай мен бір кезде Оның алдына барып тұрамын, сол кезде менің оған қояр үш сұрағым бар». - Ол қандай үш сұрақ? - деп білуге құштарлық танытты уағыздаушы. - Бірінші сұрағым: - Құдай, мен не үшін туылдым? Екінші: Неге менің күнәкар болуыма жол бердің? Үшінші: неліктен күнәларым үшін мені тозаққа жібергің келеді? Жас жігіт бойына ашу кернегендіктен қалшылдап тұрды. Уағыздаушы оны тыныштандырғысы келіп өз сауалын қойды: «Сіздің осы үш сұрағыңызға қазір жауап берсем тыңдар ма едіңіз? Өйткені сіз үшін қорқамын, қиямет күні тірі Құдайдың алдына келетін мезгіліңіз жеткенде, сұрақ қойғыңыз келмей қалады. Себебі Құдай өзіңізге сұрақтарын қойғанда, сіз Оның сан сұрағының біріне де жауап бере алмайсыз. Сондықтан жауапты қазір менен алғаныңыз дұрыс болар еді. - Не? Менің бұл сұрақтарыма сіз жауап бере аласыз ба? - Әрине, тыңдар болсаңыз, Киелі жазбаларға сүйене отырып дұрыс әрі дәл жаубын берер едім. Жігіт тыңдағысы келетін ниетін білдірді. Мәсіхші сөзін бастап кетті. - Құдай сіздің туылуыңызға жол берген себебі, өзіңіздің тағы да бір туылуды бастан кешуіңізді, яғни Киелі Рухтан туылуыңызды қалады. Осылайша, Құдайдың баласы болып, көкте Өзімен бірге мәңгі болуыңызға жол ашты. Екінші сұрағыңыз: «Неге күнәкар болуыма жол берді?» Құдай адамзаттың күнәкар болуына жол берген жоқ, күнә дүниеге Оның жауы – шайтан арқылы кірді және сізге жетті. Бірақ Құдай оған кедергі болмады, себебі ол бізді өз еркі жоқ қуыршақ сияқты жаратқысы келмеді. Біздің ата-бабамызға таңдау еркін берді және нақ осымен өз жаратылысын куәландырып, құдіреті мен әділдігін дәлелдеді. Ал үстемдік етуші қожайын таңдау еркіндігін бермес еді. Үшінші сұрағыңыз: «Құдай күнәларым үшін неліктен мені тозаққа жібергісі келеді?» Жоқ, Құдай сіздің күнәңіз үшін тозаққа жібергісі келмейді. «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болад» (Жохан 3:16). Исаны Құдай сіздің күнәңіз үшін жазалағандықтан, Ол мені күнәларым үшін өлтіргісі келеді деп қалайша айта аласыз? Құдай сіздің тозаққа түскеніңізді емес, құтқарылып, жұмақта болғаныңызды қалайды. Осы беріліп тұрған мүмкіндікті пайдаланбай, тозаққа баратын болсаңыз, оған кінәлі Құдай емес сіздің Құдайдың шақыруына құлақ аспай, қасарысып, сенімсіздік көрсеткендігіңіз. Құдай сізді құтқарғысы келеді. Осы әңгіме жас жігіттің Құдай алдында өз күнәларын сезінуіне және күнәкарлардың Құтқарушысы Иса Мәсіхті қабылдап, тәубеге келуіне түрткі болды. Сол кезден бастап оның өмірі Мәсіхтің меншігіне айналды.