Құдайды іздеу Құдайды іздеу

Киелі кітап - Құдай Сөзі!


kudai.kzІнжір ағашы Киелі Жазбада өте жиі кездеседі. Пальма сияқты осы жеміс те Құдайдың ақ батасына кенелген өмірді білдіреді. Ізгі хабарларда Иеміз інжірді бірнеше рет ауызға алады, онда Ол пайдалы және пайдасыз адамдарды меңзейді (Лұқа 13:6-7). «Оны кесіп таста, ол босқа орын алып тұр» (7-аят). Жеміс бермейтін інжір ағашы туралы астарлы әңгімені толық түсіну үшін өсімдіктанудан осы ағаш туралы білімімізге жүгінейік. Палестиналық інжір ағашы тұт ағаштарының қатарына жатады. Оның 600-ге тарта түрі бар: ергежейлі бұтақтардан бастап, Үндістандағы алып ағаштарға дейін. Дегенмен бізді киелі кітаптағы інжір ағашы қызықтырады. Ол палистинада көп тараған. Інжір ағашының өмірінен бір қызық үйлесу байқалған. Міне, алдыңызда гүлдейтін, алайда жеміс бермейтін інжір ағашы. Адамдар ұзақ уақыт бойына оны жабайы, пайдасыз деп есептеді. Ал іс жүзінде ол өте пайдалы. Оның тозаңдандырушы аталық гүлдері бар. Ол жеміс беретін басқа інжір ағашын тозаңдандырады. Осы екі інжір ағашы тұқымдарын сақтап, көбейте алу қабілетіне ие. Олардың осы ортақ тамырлықтарынан қандай игіліктер болып жатады. Інжір ағашы жылына үш рет жеміс беретін жер бетіндегі бірден-бір ағаш: сәуірде, тамызда және желтоқсанда. Біздегі жеміс ағаштары сияқты інжір ағашы піскен жемістерін тастамайды. Піскен жемісті қожайыны дер кезінде жиып алмағанымен, ол жерге түсіп қалмай, жыл мезгілінің қай кезінде болмасын ағашта тұра береді. Бір інжір ағашынан гүлді де, піспеген және піскен жемісті де табасың. Бізде табиғаттың қолайсыздығына байланысты інжір бір рет немесе екі рет жеміс береді. Інжір ағашы күй талғамайды. Олар кез келген жерде – нашар, құмды, таста өсе береді, бірақ жарық пен жылуды көп талап етеді. Тағы бір қызық құбылысты байқауға болады: егер інжір ағашының бұтағы ұзақ жерге тиіп жатса, ол жерге тамыр жібереді. Осылай орнығып, дамыған тамыр жүйесі арқылы көп нәрлі заттар алады. Үндістан інжірдің отаны болып есептеледі, жері мен ауа-райы інжір үшін аса ыңғайлы. Үндістандық бір інжірдің қасына аялдайық. Алдымызда алып ағаш, дәлірек айтсақ алып орман тұр. Бұл ағаштың басы бір гектардан артық территорияны алып жатыр, өйткені оның көлемі (диаметрі) 200-300 метір. Жапырақтарының ұзындығы -1 метр. Ағаштың ұзындығы 30 метр. Орталық діңгектің диаметрі 10-15 және одан да көп метр. Орталық діңгектен басқа діңгектің бәрі жерге қосалқы діңгек қалаған. Олардың мөлшері де үлкен. Үндістанда 1300 қосалқы діңгегі бар және 3000-ға дейін өзара тамыры бар інжір ағаштары кездеседі. Үндістанда болған орыс ботанигі, профессор М. Дунин көлеңкесі бір гектардан да көп жерді алып жатқан інжір ағаштарын көрді. Олардың жасы 3000-5000 жылға жететін. Сенуші адам інжір ағашы сияқты болуы керек. Қожайыны егін орағы кезін күтпей-ақ, кез келген уақытта інжір ағашына батыл әрі қуанышпен жақындайды, өйткені одан барлық уақытта піскен, әдемі жемістер табады. Немесе қосалқы діңгектері (1300 дана) бар үнді інжіріне қараңыз. Қандай дауыл оны жерден жұлып ала алады? Ондай дауыл жоқ; болмаса диаметрі 15-20 метрлік діңгекті шабатын балта бар ма? Ондай балта мен ағаш кесуші жоқ. Сен де Мәсіх рақымының қасиетті топырағына тамырыңды терең жай, сонда сені Одан ешқандай дауыл: күнделікті күйбең тірлік, азғырулар ажыратып, жұлып ала алмайды. Інжірдің күй талғамайтынын, дегенмен жарық пен жылуды аса көп мөлшерде керек ететінін есіңде сақта. Олар болмаса інжірдің өмірі жеміссіз болады. Мәсіхші қарапайым болып, қолында барға қанағат етуі керек, ал рухани өмірде Құтқарушы Мәсіхпен және Киелі Рухпен қарым-қатынастан жарық пен жылуды ең көп мөлшерде жинауы керек. Жарық – Құдай рақымының тереңін білу; Жылу – Мәсіхке және көзге көрінетін де көрінбейтін де әлемге деген сүйіспеншілік.