Сен маған көз қырын саласың


kudai.kzЖаратқан Ие бізге алыстан аян беріп былай деген еді: "Сендерге деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейірімділігіммен сендерді Өзіме тарттым" (Еремия 31:3). Адам өміріндегі ең таңқаларлық және ең маңызды нәрсе – бұл адам тағдырына Жаратушы Иенің араласуы. Құдіретті күшті Құдай біздің өміріміздің қалай өтіп жатқанын жіті бақылап қарап тұрады, сондай-ақ Ол бізде белгілі бір мақсатқа жету үшін біздің басымыздан өтіп жататын жағдайлардың бәрін түгелдей басқарып отырады. Біз Құдайды көре алмаймыз, бірақ Оның іс-әрекетін байқай аламыз. Адам екі әлемде өмір сүреді. Бұл – тәндік немесе сыртқы дүние және рухани немесе ішкі дүние. Сыртқы дүние – бұл бізді қоршаған орта, біздің тәндік жағдайымыз. Ол адамдарға көрінеді. Ал ішкі дүние – бұл біздің рухани жағдайымыз, рухани байлығымыз. Бұған мойынсыну немесе тәкаппарлық, сүйіспеншілік немесе жек көрушілік, Құдайға сенім арту немесе менмендік және т.б. жатады. Құдай сыртқы дүниеде де, ішкі дүниеде де әрекет етеді. Сыртқы дүниеде – азық-тлік, киім-кешек, денсаулық жіберіп, керекті нәрселермен қамтамасыз ету арқылы, ал ішкі дүниеде – бізді тәни болмысымызға сүйенген менменшілдігіміздің бүлдіргіш әрекеттерінен азат ету арқылы әрекет етеді. Құдай барлық жағдайды біздің жүректеріміз сүйіспеншілікке толып, мойынсынып, Оған деген сенімде беки түсінетіндей етіп басқарып отырады. Өкінішке орай, біз көбінесе Оның бізге осы дүниеде тәни жағынан беретін игіліктеріне көбірек қызығушылық танытамыз. Құдай ісі ұлы әрі өте қызғылықты. Олар туралы айту қажет. Мысалы, Құдай ауыр науқасқа шалдыққын бір адамды таңғажайып түрде сауықтырып жіберсе, бұл туралы хабар тез арада тарап кетеді. Ал Құдайдың өзіне-өзі сенген, тәкаппар адамды тәубесіне келтіріп, оның өмірі Құдайға тәуелді екенін мойындауға мәжбүр еткенін байқап, ол туралы дәл осылайша таң қала әңгімелейміз бе? Біздің ішкі дүниеміздегі болған өзгерістер Оның бізге тәни жағынан беретін игіліктерінен әлде қайда маңызды. Бұ дүниелік игіліктердің уақытша өмірімізде ғана мағынасы бар, ал ішкі дүниеде пісіп-жетілгендіктің құндылығы мәңгілік. Құдайға бізді азық-түлік, киім-кешек, үймен және сыртқы дүниеге қатысты нәрселердің барлығымен қамтамасыз етудің еш қиындығы жоқ. Бірақ бізді момындыққа, сенімділік пен мойынсұнушылыққа үйрету қандай қиын десеңші! Еріксізден мынадай сұрақтар туындайды: шынымен де, Құдайға біздің ішкі дүниемізде әрекет етуіне жол бермейміз бе? Иә! Өкінішке орай, дәл солай! Сондықтан да Құдай біздің ішкі дүниемізге әсер ету үшін, сыртқы жағдайымызға қатысты мұқтаждықтарды жібереді. Өмірдегі қиыншылықтар арқылы Ол біздің Оған тәуелді екндігімізді сезініп, өзімізге емес, Оның құдіретіне сенім артуға үйретеді. Бұ дүниедегі барша қиыншылықтар мен уайым-қайғы бір кездері аяқталады, ал солар арқылы қол жеткізген рухани байлық мәңгілікке қалады. "Себебі азаптың бізді шыдамдылыққа жеткізетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді. Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені Құдай сыйлаған Киелі Рухы арқылы жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті".