Құдайды іздеу Құдайды іздеу

Мен шын мәнінде қалай өзгере аламын?


kudai.kzЕр адам болсын, не әйел адам болсын, Исаның ілімімен бетпе-бет кезіккенде жиі былай дейді: «Мен нағыз Исаның жолын қуушы болғым-ақ келеді, бірақ қанша тырыссам да бұл қолымнан келмейді. Өйткені көп қателіктер жасаймын, бұрынғыдай өкпелеймін, еліктірілуіме жол беремін, айтпауға тиістіні айтып қоямын. Қысқасы, ешқашан Иса сияқты өмір сүре алмаймын». Негізінде олар дұрыс айтады. Адам қанша жақсы болғанымен, өз күшімен Исаның іліміне сай өмір сүре алмайды. Исаның соңынан еремін деп шешім қабылдағанда, сіз Оның бойыңызда өмір сүріп, өзіңіз арқылы көрінуін сұрайсыз. Сондықтан да мәселе сіздің не істей алатыныңызда емес, қайта сіздің өзгеруіңіз үшін Исаның қандай күш бере алатындығында. Жаңаша өмір сүру үшін қабілет беретін Исаның Өзі. Иса сіз үшін не істей алады? Ол сізге өмірдің мән-мағынасын ашып бере алады. Ол барлық күнәңызды жойып, кешірім бере алады. Ол сіздің өзгеруіңізге қабілет бере алады. Өмірімізде Исаны бірінші орынға қоя бастаған кезде, Құдайдың бізге деген жақсылығын көре бастаймыз.